STARTUP SAPARY ҚЫЗЫЛОРДАДА
Бүгін Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің командасы Road Show аймақтардағы стартаптарды дамытудың «Startup Sapary» бағдарламасымен өңірімізге келді.
Шараға 250-ден астам облыс және қала жастары қатысты. Шарада басқарма басшысы Н. Даужанов сөз алды.
- Аймағымызда цифрландыру бағытында облыс әкімі Қ. Ысқақовтың қолдауымен,цифрлық технологиялар басқармасының үйлестіруімен көптеген жобалар жүзеге асуда. Ел дамуына үлес қосатын осындай шаралар жастар дамуы үшін үлкен қарқын болатыны сөзсіз. Ендеше, бүгінгі шарадан алатын білімдеріңізді ел игілігіне жұмсауға шақырамын, - деді  Н. Даужанов.
Бағдарлама барысында Astana Hub командасы қатысушыларға «Стартап мектебі» тегін курсын таныстырды. Сондай-ақ, IT-стартаптарды дамытудағы қажетті білім,дағдылар мен идеялар және оны табыс көзіне айналдыру мүмкіндіктері сөз болды.
Бағдарлама екі бөлімнен тұрды.Бірінші бөлімде PR және маркетинг департаментінің директоры Даниэль Душманов Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің қызметімен таныстырды. Технопарк 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде құрылғанын атап өтті. ⠀
Екінші бөлімде команда өкілі Насрулла Ахменов стартап, оны дамытудың жолдары, нарықтағы сұраныстағы компаниялар, Lean startup түсінігі және басқа да ұғымдар жөнінде айтты.⠀
Сонымен қатар, аймағымыздағы жас IT-стартап авторларымен арнайы кездесу өтті.Кездесуде жүзеге асырылып жатқан жобалар және оларды дұрыс дамыту жолдары талқыланды.
Айта кетсек, бағдарлама екі күнге жалғасады. 
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика