ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ «АҚЫЛДЫ ҚАЛАЛАР-АҚЫЛДЫ ДЕСТИНАЦИЯЛАР» ҚАЛАЛЫҚ ТУРИЗМ БОЙЫНША VIII ЖАҺАНДЫҚ САММИТКЕ ҚАТЫСУДА
9-12 қазан күндері Нұр-сұлтан қаласында ЮНВТО-ның «Ақылды қалалар, Ақылды дестинациялар» қалалық туризм бойынша VIII жаһандық саммиті өтуде. Саммитке облыс әкімінің орынбасары М. Имандосов және облыстық цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік және туризм басқармаларының басшылары Н. Даужанов, Ф. Қожабергенов, «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-нің директоры С. Ибадулла қатысуда.
Саммиттің негізгі ұйымдастырушылары Астана Конвеншн бюросы, Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі және БҰҰ - Дүниежүзілік Туристік Ұйымы болып табылады.
Саммитте тұрақтылық, қол жетімділік, қалалық басқару, инновациялар мен технологиялар және «Ақылды қалалар» -  дағы туризм маңыздылығы талқылануда. 
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика