Новость:: 

   Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуде жұмыскерлердің жеке қорғану құралдарын қолдануы аса маңызды.  Жеке қорғану құралдарын пайдалану жұмыскердің өмірі мен денсаулығын сақтайды.

   Жыл сайын республиканың кәсіпорындарында жеке қорғану құралдарын қолданбаудан немесе оның жоқтығынан 400-ден астам жұмыскер жарақат алады.

Жеке қорғану құралдары – жұмыскерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім.

   Арнайы киім – жұмыскерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқкиім, баскиім, қолғап, өзге де жеке қорғаныш құралдары. Әрбір жұмыс түрлеріне Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тізбеге сәйкес өзінің жеке қорғану құралдары болуы тиіс.

   Ұжымдық қорғаныш құралдары – жұмыс істейтін екі және одан көп жұмыскерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.

   Жұмыскер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген талаптарға сәйкес санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен және арнайы киімдермен қамтамасыз етілуге, жұмыс беруші жұмыскерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етпеген жағдайда еңбек міндеттерін орындауды тоқтатуға құқылы.

   Жұмыскер жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарын мүлтіксіз қолдануға және оларды мақсат бойынша пайдалануға міндетті.

   Жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзатын жұмыскерлерді еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауаптылыққа тартуға құқылы.

   Жұмыс беруші жұмыскерлерге қажетті санитариялық-гигиеналық жағдайлар жасауға, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сәйкес жұмыскерлердің арнайы киімі мен аяқкиімін беруді және жөндеуді, оларды профилактикалық өңдеу, жуу және дезинфекциялау құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен немесе бірдей тамақ өнімдерімен және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдермен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен жабдықтауды қамтамасыз етуге міндетті.

   Әрбір жұмыскерге техникалық қауіпсіздікті сақтау маңызды, одан да маңыздысы тек бұл ережелерді сақтау ғана емес, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын пайдалануды ұмытпау қажет.

   Егер де жұмыскер жеке қорғану құралдарын пайдаланбаса, онда оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын өрескел бұзғаны болып бағаланады.

   Жұмыскермен, жарақат пен апатты қоса алғанда, ауыр зардапқа әкеліп соқтыратын немесе оған мүмкіндік жасау жөніндегі еңбекті қорғау ережесі бұзылса, онда еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты бұзылуы мүмкін.

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 07-10-2019 18:18
Жаңартылған күні: 07-10-2019 18:18

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
20 + 0 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика