Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Басқарма: 
Еңбек саласындағы бақылау басқармасы

Сұрақтар

Беттер

Алиевна Айжан Категория Жалпы мәселелер Дата: 01.02.18

Вопрос:

Саламатсызба? Менің сұрағым бала күтіміндегі қызметкердің орнында уақытша жүрген адам кезекті еңбек демалысын ала аладыма. 2016-2017 жылға еңбек демалысын кім алады уақытша жүрген қызметкер ме алде бала күтіміндегі демалыстан шығатын қызметкер аладыма.

Ответ:

Кодекстің 92-бабы 1-тармағына сәйкес, жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
Осы баптың 2-тармағына сай, жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайды.
Сонымен қатар, Кодекстің 91-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде: нақты жұмыс істелген уақыт, жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт, жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт және жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт еңбек өтіліне қосылады.
Сондай-ақ, Кодекстің 93-бабының 1-тармағына сәйкес, жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс берілуі мүмкін.
Сондықтан, 10.01.18ж. сұрағыңызда көрсетілген жағдайда, жұмыс беруші уақытша еңбек қатынасында тұрған жұмыскерге 2016-2017 жылдар аралығына  еңбек демалысының жұмыс жылы кезеңі ішінде, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын демалыс кестесіне сәйкес немесе кестеден тыс тараптардың келісімі бойынша берілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес, Сіз бұл жауаппен келіспеген жағдайда, жоғарғы тұрған органға немесе сотқа шағымдануыңызға құқылысыз.
 

Омарова Перизат Категория Жалақыға қатысты қарыздар Дата: 12.01.18

Вопрос:

Мен Омарова Перизат Тереңөзек кентіндегі Иса Тоқтыбаев атындағы №35 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарамын. Маған төмендегі мән-жайды анықтап беруіңізді сұраймын. Мәншүк Мәметова атындағы Гуманитарлық колледжінің «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша 2009 жылы бітіріп шығып 2012 жылы 7 ақпанда Иса Тоқтыбаев атындағы №35 мектеп – лицейіне бастауыш сынып мұғалімі болып қабылдандым. 2012 жылдың маусым айында өзім декреттік демалысқа шықтым. Сол уақыт аралығында Болашақ университетінің «Педагогика және психология» мамандығын 2013 жылы 01 шілдеде бітіріп шықтым. 2016 жылы 11 сәуірде декреттік демалыстан кейін жұмысқа қайта шықтым. Осыған орай, менің еңбекақымды қазіргі уақытқа дейін орта дипломмен яғни «Бастауыш сыныптарды оқыту» бойынша төленіп жатыр. Сіздерден сұрайтыным еңбекақымды жоғарғы оқып шыққан «Педагогика және психология» дипломымен қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес төленуі тиістілігін жазбаша түрде анықтап беруіңізді сұраймын. Дегенмен 2016 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін орта білім бойынша дипломмен жалақы төленіп келеді. 1. Сондықтан жоғары білім бойынша төленуі тиіс па? 2. Төленуге тиіс болған жағдайда осы уақытқа дейін төленбей келген жалақыдағы айырмашылықты өндіріп алуға болады ма?

Ответ:

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (ары қарай - Кодекс) 101-бабының 8 тармағына сәйкес, жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі кәсіптік стандарттар негізінде, ал олар болмаған кезде Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығы және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде белгіленеді. 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 13.07.2009ж. №338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының (ары қарай - Сипаттама) 1 тарауының 1 тармағына сәйкес, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамасы қызметкерлердің міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтар әзірлеуге негіз болады.
Сипаттаманың 4 тарауының білім беру ұйымдарындағы барлық мамандық мұғалімдерінің біліктілігіне қойылатын талаптарына сәйкес, біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманның, оның ішінде, информатика, өзін-өзі тану, музыка, бейнелеу өнері, БӘД оқытушы-ұйымдастырушы, технология, дене шынықтыру, сызу, мамандандырылған білім беру ұйымдарының арнайы пәндер, жұмыс жоспарының вариативтік бөлігі курстары мұғалімдерінің тиісті мамандық бойынша жоғары педагогикалық білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Яғни, бастауыш сынып мұғалімінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеуге негіз болатын  үлгілік біліктілік сипаттамасындағы біліктілікке қойылатын талаптарында тиісті мамандық бойынша жоғары педагогикалық білімі болуы тиіс екендігі көрсетілген.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабының 32 тармағына сәйкес, білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кіреді.
Сондықтан, арызда көрсетілген «педагогика және психология» мамандығы бойынша жоғары білім туралы дипломыңыз  бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім болып саналатындығы немесе саналмайтындығы туралы тиісті түсіндірмені білім саласындағы уәкілетті орган арқылы (Облыстық білім саласындағы бақылау департаменті) алуыңызға болатындығын түсіндіремін.
Кодекстің 107-бабының 1 тармағына сәйкес, жұмыскерге жалақы жұмыс берушідегі қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйелеріне сәйкес еңбек шартында белгіленеді.
Осы баптың 5 тармағына сәйкес, келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде айқындалған еңбекке ақы төлеу талаптары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптармен салыстырғанда нашар бола алмайды.
Егер де, Сіздің біліктілігіңіз бастауыш сынып мұғалімінің лауазымдық нұсқаулығындағы біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, жұмыс берушіден аталған лауазым бойынша тиісті еңбекке ақы төлеуді талап етуге құқылысыз.
 

Жанабаева Лаура Категория Жалақыға қатысты қарыздар Дата: 15.08.17

Вопрос:

Мен Л.К.Жанабаева Достар Мед Line клиникасында окушер лауазымындағы қызметті 04.07.2016 жылдан бастап атқарылып келемін. Кезекті еңбек демелысына 02.05.2017 -30.05.2017 ж аралығында шыққан болатынмын. Алайда төленгегн телемақыға қанағаттанбаймын. Осы жөнінде нақты біліп, заңдылығын тексеріп беруіңізді сұрймын!

Ответ:

Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау Басқармасы Сіздің 2017 жылдың 10 шілдесіндегі өтінішіңізге сәйкес, «Достар Мед Line» клиникасына байланысты 2017 жылдың 4 шілдесінде Басқарманың веб-порталы арқылы келіп түскен, еңбек демалысының тиесілі өтемақысына қанағаттанбайтындығыңыз жөніндегі арызыңыз қараусыз қалдырылғандығын хабарлаймын. 
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, Сіздің қабылданған шешімге қанағаттанбаған жағдайда, жоғарғы тұрған органға немесе сотқа шағымдануыңызға құқылы екендігіңізді түсіндіремін.
 

Куанбаева Бакытгуль Категория Бiлiм Дата: 03.03.17

Вопрос:

Мектепте бағдарламашыларға жоғары біліктілікті кім береді? Болмаса арнайы біліктілікті арттыру орындарынан өту керек пе? Осы сұрақпен қайда барамыз?

Ответ:

Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы Сіздің мемлекеттік еңбек инспекциясының вебпорталына жолдаған «мектепте бағдарламашыларға жоғары біліктілікті кім береді» деген сауалыңызды ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7-бабының 6-тармағына сәйкес Қызылорда облысының білім басқармасына  түсіндірме беру мақсатында қатынас хат жолданған болатын. 
Жоғарыда аталған басқарма, өзінің 2017 жылғы 01-наурызындағы №ВП-3 санды шығыс хатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Бұйрығына сәйкес жалпы орта білім беру мекемелерінің бағдарламашылары педагог қызметкерлер қатарына жатпайтындығын, сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы №123 «Білім және ғылым саласы қызметкерлерінің қызметтік реестрін бекіту туралы» Бұйрығында, «С» блогының «С2» және «С3» байланысында көрсетілгендей бағдарламашылар техникалық қызметкерлер қатарында екендігін, осыған сәйкес жалпы орта білім беретін мекемелердің бағдарламашыларына айлық жалақы біліктілік санаты бойынша төленбейтіндігін хабарлайды. 
Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес жоғары органға шағымдануға құқығыңыз бар екендігі түсіндіріледі.
 

Толыбайқызы Ақтолқын Категория Әлеуметтiк қамсыздандыру Дата: 30.12.16

Вопрос:

Сәлеметсіз бе? Мен 2015 жылы ақпан айында мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналастым. 2016 жылы ақпан айында 2015-2016 жылдарға арналған жыл сайын ақы төленетін еңбек демалысына шықтым. Қазіргі таңда жүктімін. 2016 жылдың 16 желтоқсанынан бастап жүктілікке және босануға байланысты демалысқа шығамын. Енді менің сұрағым: Босанып келгеннен кейін бала күтіміне байланысты демалысқа шықпас бұрын 2016-2017 жылға арналған еңбек демалысына шыға аламын ба? Заңдылығы қандай болады. Көп рахмет!!!

Ответ:

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 91-бабының 1) және 2)-тармағына сәйкес жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі және жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайды – деп көрсетілген.
Яғни, жазбаша берген сауалыңызға сәйкес Сіздің жұмыс жылыңыз 2016 жылдың ақпан айы мен 2017 жылдың ақпан айлары болып белгіленеді.
Сондықтан да, Сізге жүктілікке және босануға байланысты демалыстан келгеннен кейін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында берілетіндігін түсіндіреміз.
 

Нұрманов Байқадам Категория Жалақыға қатысты қарыздар Дата: 08.12.16

Вопрос:

Саламатсыз ба? Мен 1980-2005 жылдар аралыгында Қызылорда облысы Шиелі ауданында турдым. Ал 2005 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында турамын. Осыган байланысты сұрағым келгені: Менің экологиялық дағдарыс аймағында 1980-2005 ж,ж, аралығында тұруыма байланысты "Жұмыс беруші" ай сайынғы еңбек ақыма үстеме ақы төлеуге міндетті ме? Рахмет.

Ответ:

Қазақстан Республикасының «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 13-бабымен «халықты әлеуметтік жағынан қолдау» қарастырылған, яғни осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында азаматтарға экологиялық апат және экологиялық дағдарыс аймақтарында тұрып жатқаны үшін коэффициенттер қолданылатындығы көрсетілген. Алайда, Сіздің қазіргі таңда экологиялық қасірет, апат немесе дағдарыс аймағында тұрмайтындығыңызға байланысты ай сайынғы жалақыға қосылатын коэффициенттер қолданылмайтындығын хабарлаймыз.

Жанашев Ғалым Категория Жалпы мәселелер Дата: 06.09.16

Вопрос:

Саламатсыз ба? Менің сұрағым 2016 жылғы 13 шілдедегі №298 ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидасы бекітілген болатын. Осы қағидағның 3 тармағының 8 тармақшасында мемлекеттік ұйымдағы басшы лауазымдардағы немесе мемлекеттік қызмет мамандықтарымен бірдей мамандықтар бойынша лауазымдарда жұмыс істеген уақыт мемлекеттік қызметшінің еңбек сатажына кіргізілетін көрсетілген. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметте заңгер болып жұмыс жасаймын. Менің сұрағым: 29.10.2008-03.12.2011 жылдар аралығында ХҚКО-да кеңесші (заңгер) қызметін, (жоғарыдағы қағиданың мемлекеттік қызмет мамандықтарымен бірдей мамандықтар бойынша дегенге келеді ма?) 03.12.2011-12.03.2013 жылдар аралығында ХҚКО-да Реттеу зал бастығы (жоғарыдағы қағиданың мемлекеттік ұйымдағы басшы лауазымдар бойынша дегенге келеді ма?) қызметін, 12.03.2013-20.07.2013 жылдар аралығында ХҚКО-да Ұйымдастырушы бақылаушы қызметтерін атқардым осы атқарылған қызмет уақыттымның қайсысы менің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліміме кіреді? Ескертпе: Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы 2008-2015 жылдар аралығында мемлекеттік мекеме болған. Рахмет!!!!

Ответ:

Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы Сіздің 2016 жылғы 15 тамыздағы түсіндірме сұрау туралы өтінішіңізге сәйкес қолданыстағы ҚР еңбек заңнамасының талаптарына төмендегіні түсіндіреді:
Мамандығы бойынша еңбек өтілін есептеу барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы басшылыққа алынады.
Сонымен қатар, хатыңызда көрсетілген жағдайда жоғарыда аталған Ереженің 4 тармағына сәйкес мамандығы бойынша жұмыс стажын құрамын тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссия анықтауы тиіс екендігін түсіндіреміз. 
Сондай-ақ, хатыңызда көрсетілген ҚР Президентінің 2016 жылғы 13 шілдедегі №298 жарлығы бойынша түсіндірме жұмыстарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінен ала алатындығыңызды түсіндіреміз.
 

Башен Айгул Категория Халықтың жұмыспен қамтылуы Дата: 19.04.16

Вопрос:

Саламатсыз ба! 2016 жылы ақпан айынан бастап жұмысқа қабылданған қызметкерлерге 6 мерзімнен кейін еңбек демалысын бере аламын ба. кай бапқа сүйеніп беремін. Еңбек кодексінің 92- бабы жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі делінген.

Ответ:

ҚР Еңбек кодексінің 92-бабының 1 тармағына сәйкес, жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
ҚР Еңбек кодексінің 92-бабының 2 тармағына сәйкес, жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайды.
Сондықтан, бірінші және келесі жылдары, еңбек демалысына жұмыс жылының ішінде шығу үшін тараптардың келісімі керек, яғни жұмыс беруші және жұмыскер келісу керек. Егерде тараптардың бір жағы, яғни жұмыс беруші келісім бермесе, онда жұмыскер еңбек демалысына шыға алмайды, демалыстар кестесіне сәйкес берілетін жағдайларды қоспағанда.
Жұмыс жылы аяқталғаннан кейін жұмыскердің еңбек демалысына шығуға құқығы пайда болады және ол өтініш білдірсе (демалыстар кестесінде көрсетілмеген жағдайда), онда жұмыс беруші оған еңбек демалысын беруге міндетті болады.
 

Ерниязов Мирамбек Категория Жалпы мәселелер Дата: 05.03.16

Вопрос:

Мен Ерниязов Мирамбек Мухитович 2010 жылы кент әкімдігіне E-G-10 лауазымдылық санаты бойынша Заңгер маман ретінде жұмысқа қабылданып, жалақы алып келдім. Алайда қазіргі таңда осы мекемеге E-G-4 санаты бойынша жетекші маман қызметіне ауыстым. Сіздерден сұрайтыным менің 2010-2015 жылдар аралығындағы қызмет атқарған еңбек өтілім мемлекеттік қызмет өтіліне жатадыма. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы №357 жарлығында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңының 53 бабы -3 тармағында мемлекеттік қызметшіге еңбекақы төлеудің тарифтік-біліктілік кестесінде атқарып отырған біліктілігіне мемлекеттік қызмет штаты берілген жағдайда ол ары қарай еңбек өтілімен қоса саналат деп көрсетілген, бірақ кент әкімі аппараты менің еңбек өтілімді жаңадан бастап, жалақы төлеуде. Осы жайт қаншалықты заңға сәйкес келеді. Болмаған жағдайда мен еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссияны құзырлы органдарға тарта аламынба?

Ответ:

Мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы №357 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережесі» (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен күші жойылды. 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 66-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет өткерудің осы Заңда реттелмеген өзге де мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарында, уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде регламенттеледі. Соған сәйкес, қазіргі күні тиісті нормативтік құқықтық актінің қабылданбауына байланысты, Сіздің, жұмыс өтіліңізді нақты есептеу мүмкіндігі жоқ.
Дегенмен, күші жойылған Ереженің 36 тармағының 8) тармақшасында лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтіліне «соңғы мемлекеттік ұйымдағы басшы лауазымдардағы немесе мемлекеттік қызмет мамандықтарымен бірдей мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс уақыты қосылады» делінген. 
Осы негізде, Сіздің, қызмет атқарған «Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің штаттан тыс маманы лауазымының еңбек шартымен белгіленген міндеттемелердің қазіргі атқарып отырған «Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы лауазымының функционалдық міндеттерімен сәйкес келмейді. 
Осыған сәйкес, күші жойылған Ереженің талаптары негізінде 2011-2015 жылдар аралығында штаттан тыс қызмет атқарған жұмыс уақытыңыз лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтіліне есептелмейтіндігін хабарлаймыз. 
Берілген жауаппен келіспеген жағдайда, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа жүгінуге құқылы екендігіңіз жөнінде түсіндіріледі.
 

Пірімбет Нұрболат Категория Жалпы мәселелер Дата: 01.03.16

Вопрос:

Саламатсыз ба? Мен 2015 жылы қыркүйек айында басқармаға жұмысқа қабылданған болатынмын. (Оған дейін мемлекеттік қызметте жалпы 4 жылға жуық еңбек өтілім бар.) Бірнеше ай басқа салада болып, қайтадан мемлекеттік қызметке келген едім. Сол кездегі қолданыстағы заң бойынша 3 ай сынақ мерзімі желтоқсан айында аяқталу керек деп білемін. Дегенмен ҰҚК арнайы тексерудің оң қорытындысы 2016 жылдың ақпан айында келді. Осыған орай, маған қайтадан 3 ай сынақ мерзімі белгіленіп отыр. Сұрағым, мен 2015 жылғы қолданыстағы заң бойынша сынақ мерзімім өтседе, сонымен қатар қазіргі қолданыстағы заңға сәйкес арнайы тексерудің оң қорытындысы келседе қайтадан 3 ай сынақ мерзімі белгіленуі дұрыс па? егер дұрыс болса? мен жалпы 9 ай сынақ мерзімінде жүрген болып есептелемін бе?

Ответ:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) азамат Н.Пірімбеттің мемлекеттік қызметке кіруіне байланысты сынақ мерзімін белгіленуі жайлы (19.02.2016 жылы №ЖТ-П-89 санымен Департаментке тіркелген) өтінішін қарап, төмендегі мән-жайларды хабардар етеді.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 
(бұдан әрі - Заң) 15– бабының 2-тармағына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш рет кіретін немесе оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кіретін азаматтарды мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындау арнайы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін жүзеге асырылады.
Осы ретте, мемлекеттік әкімшілік қызметке кіретін азаматтар арнайы тексерудің нәтижелері алынған күнге дейiн мемлекеттік әкiмшiлiк лауазым бойынша көзделген мiндеттердi уақытша атқарады және олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледi.
Яғни, бұл азаматтар арнайы тексеруді жүргізу кезеңінде мемлекеттік қызметші болып табылмайды.
Сонымен қатар, Заңның 20 - бабына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметке оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген мемлекеттік қызметшілер үшін олардың атқаратын мемлекеттік лауазымдарына сәйкестігін тексеру мақсатында міндетті түрде сынақ мерзімі белгіленеді және сынақ мерзімі үш айды құрайды.
Осы ретте, өтініш иесі Н.Пірімбетті арнайы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындап, сынақ мерзімін белгілеу Заң мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №11 бұйрығымен бекітілген «Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді белгілеудің тәртібін бекіту туралы» ереженің талаптарына сай жүргізілген деп есептейміз. 
Берілген жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа шағымдануға құқылы екендігіңіз жөнінде түсіндіремін.
 

Беттер

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика