Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес Стратегиясын іске асырудағы 2018-2020

жылдарға арналған іс-шара жоспарынын орындалуы туралы

АҚПАРАТ

   Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимылды iске асыру жөнiндегi 2018-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау үшiн Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасында  2018 жылғы қорытындысы бойынша жүргiзiлген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерi бойынша материалдар зерттелдi.

   Ағымдағы  жыл басынан бері Басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасын, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлердiң Этикалық Кодексi ережелерiн түсiндiруге бағытталған iс-шаралар өткiзiлдi.

   Басқарманың аппараттық жиналыстарында  қызметкерлердің  еңбек және орындаушылық тәртiптi, мемлекеттiк қызметшiлердiң этикалық кодексiн бұлжытпай орындауына басты назар  аударылады.

    Басқарманың барлық қызметкерлері  салық органына 2018 жылға арналған табысы туралы декларацияны дер кезiнде тапсырды.

   Басқармада мемлекеттiк сатып алу және қаржылық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргiзiледi.

   Басқармаға мемлекеттiк қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік еңбек инспекторлары  (М.Сүйеубаев 14.12.2018ж., Б.Белгібаев 8.02.19ж., А.Алматов 28.03.19ж.) мемлекеттiк қызметтегi өздерiне қатысты шектеулермен танысты.

   Есепті мерзімде Басқармамен 580 жеке және заңды тұлғалардың  хаттары мен арыз-шағымдары қаралып, белгіленген тәртіппен тиісті  жауаптар  берілді, оның ішінде жеке тұлғалар өтініштері–534, заңды тұлғалар өтініштері –46.                   

    Басқарма қызметкерлеріне  жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын бұзғаны туралы шағымдар мен өтiнiштер түскен жоқ.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi заңнаманы сақтау жұмысы тұрақты бақылауда


Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес Стратегиясын іске асырудағы 2018-2020

жылдарға арналған іс-шара жоспарынын орындалуы туралы

АҚПАРАТ

   1.Басқарманың интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», «Борьба с коррупцией» тақырыбында арнайы айдар ашылған.

   2. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу шараларын күшейту барысында, аппарат қызметкерлерінің құқықтық деңгейін арттыруға бағытталған 2018-2020 жылға арналған арнайы құқықтық оқу жоспары бекітілген. Жоспардың негізгі мақсаттарының бірі қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістермен таныстыру және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу болып табылады.

   2019 жылдың  І-тоқсанында 4 рет құқықтық оқу өткізілді.

   3. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы қатаң бақылауда,  есепті кезеңде 2016 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері электронды базаға енгізіліп, қаралып, заңға сәйкес  тиісті жауаптар берілді.

   4. Басқарма басшылығымен 13 азаматтардың жеке қабылдауын өткізді, Басқармада 8/724 2/27-76-99 сенім телефоны қызмет жасайды.

   5. Мемлекеттік қызметкерлердің және олардың жұбайларының табыстары туралы декларациян уақытылы тапсырылды.

   6.Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілермен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және «Мемлекеттік қызметшілер этикасын» бұзу фактілері тіркелмеген.


Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының 2018 жылдың 12 айы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарған жұмыстары жайлы ақпарат          

    Жыл басында басқарманың бұйрығымен сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың 2018 жылға арналған іс-шаралар Жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыс жасалуда.

Басқармада өткізілетін саяси сабақтар негізінде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шара ретінде басқарма қызметкерлері арасында құқықтық оқу және отырыстар өткізілуде.Тоқсан сайын облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінің басылымдарында басқарма басшысы мен басшы орынбасарларының қабылдау кестелері және сенім телефоны 27-76-99  болып жарияланып тұрады.

Басқармада жасалған іс-шараға байланысты жұмыстар жалғасын табуда.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер

1424 Call орталығы

Біз дайынбыз Ал сіздер ше!

Жемқорлық жайлы хабарлап, сыйақы ал!

Мемлекеттік қызметтің сапасына әрқашан назар аудару қажет

Мемлекеттік қызметшілерге сыйлық алуға тыйым салынған

 


 

Қызылорда облысы әкімдігінің

2018 жылғы «17» шілдедегі №1171 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

стратегиясын іске асыру бойынша 2018 - 2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары

р/с№

Іс-шараның атауы

Аяқтау

нысаны

Орындауға

жауаптылар

Орындау

мерзімдері

  1.  

Заңнамалық актілерді:

1) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізілімін  енгізу;

2) жер участкелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту рәсімдерін  оңтайландыру бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

ұсыныстар енгізу

«ҚО ӘА» ММ (жинақтау),

«ҚО ЖҚБ» ММ,

«ҚО ЖПҚББ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

 

2019 жылғы

2-тоқсан

  1.  

Әкімшілік кедергілерді, оның ішінде:

1) жеке және заңды тұлғаларға орынсыз сұратылатын құжаттарды, ақпаратты және басқа деректерді ұсыну міндеттемесін жүктеуді;

2) мемлекеттік қызметтерді тез арада ұсыну мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну мерзімдерінің ұзақтығын;

3) жеке және заңды тұлғаларға заңмен негізделмеген қосымша міндеттерді жүктеуді;

4) азаматтар мен ұйымдарға анықталмаған, қиын орындалатын талаптарды белгілеуді алып тастауға бағытталған қоғамдық тыңдаулар өткізу

қоғамдық тыңдаулар

 

 

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша, жинақтау), «Нұр Отан» партиясы

(келісім бойынша),

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2019 жылғы

4-тоқсан

  1.  

Мыналарды:

1) лауазымды тұлғаға қандай да бір шешімді қабылдау шарттарын нақты анықтамастан шешімдердің екі немесе бірнеше нұсқасының (оң немесе теріс) арасынан таңдау құқығының берілуін;

2) лауазымды тұлғаға нормативтік құқықтық актінің орындалу тәсілін өз қалауы бойынша айқындау, сондай-ақ заңды деректі бағалау, ықпал ету шарасын таңдау және актілерді шығару мүмкіндігінің берілуін көздейтін дискрециялық өкілеттіктерге талдау жүргізу және оларды болдырмау бойынша ұсыныстар әзірлеу

ұсыныстар енгізу

 

 

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,







20 желтоқсаннан кешіктірмей

  1.  

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу және кейіннен мүдделер қақтығысы мен этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және реттеу бойынша практикалық оқу құралдарын әзірлеу

практикалық оқу құралдары

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

20 желтоқсаннан кешіктірмей

  1.  

Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  консультативтiк-кеңесшi органдарының отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын тыңдау

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар отырыстарының хаттамалары

«ҚО ӘА» ММ (жинақтау),

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

жарты жылда







1 рет

  1.  

Әдістемелік ұсынымдарды әзірлей отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу

әдістемелік ұсынымдар

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау),

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

 

2019 – 2020 жылдардағы

1-тоқсан

  1.  

Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу

есеп беру кездесулері

«ҚО ББ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

15 мамырдан кешіктірмей

  1.  

ҮЕҰ арасында қоғамдық бақылауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), «ҚО ІСБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл сайын,

15 мамырдан кешіктірмей

  1.  

Жастар ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің оқу-тәрбие процесіне тарта және қоса отырып, жастар арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту

жұмыс жоспары

«ҚО ЖСМБ» ММ (жинақтау),

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2018 жылғы

3-тоқсан

  1.  

Көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдастықтың басшылары мен өкілдерінің сөз сөйлеулерін көздей отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, интернет-конференцияларға, телевизиялық бағдарламаларға және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз ете отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та кең ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру

ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жоспар,

БАҚ-та мақалалар, сұхбаттар жариялау, теле-, радиосюжеттерді эфирге шығару

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау),

 аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша),

«Нұр Отан» партиясы

(келісім бойынша)

 

2018 – 2020 жылдардағы

2-тоқсан

  1.  

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік слеттерін өткізу

өңірлік слеттер

«ҚО ББ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

2018 – 2020 жылдардағы

3-тоқсан

  1.  

БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік журналистік жарияланымдарға конкурс өткізу

конкурс

«ҚО ІСБ» ММ, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

жыл сайын,







20 шілдеден кешіктірмей

  1.  

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио-бейнероликтерді әзірлеуді көздеу және оны трансляциялауды қамтамасыз ету 

аудиоджинглдерді және

бейнероликтерді әзірлеу және трансляциялау

 

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

жыл сайын

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін айқындау бойынша әлеуметтанушылық зерттеулерді жүргізу

әлеуметтанушылық зерттеулер

 

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

 

жыл сайын

  1.  

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018 - 2020 жылдарға арналған жоспарларын әзірлеу және бекіту

өңірлік жоспарлар

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2018 жылдың

15 тамызынан кешіктірмей

  1.  

Арнайы мониторингтік тобының Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жүргізуін қамтамасыз ету

сыртқы талдау жүргізу

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын,







15 ақпаннан кешіктірмей

  1.  

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізу және қорытындысын ұсыну

ішкі талдау жүргізу

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша, жинақтау), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жарты жылда

бір рет,

есепті мерзімнен кейінгі айдың 10-на дейін ұсыну 

  1.  

«Адал жол-честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын өткізу

марафон

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау)

жыл сайын

наурыз-сәуір айлары 

  1.  

Облыстағы мемлекеттік арнаулы орта оқу орындарында цифрлық жүйесі негізінде оқу процесінің







сынақ-емтихан тапсыруды автоматтандыру

автоматтандыру бойынша цифрлық жүйе енгізу

«ҚО ББ» ММ,

«ҚО ЭБЖБМ» ММ

2018-2020 жылдар

  1.  

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал бол» акцияларын өткізу

акция өткізу

«ҚО ББ» ММ,

«ҚО ЖСМБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері,

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша, жинақтау)

жыл сайын

1 тоқсан

  1.  

Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне (9 желтоқсан) орай форум өткізу 

форум өткізу

«ҚО ІСБ» ММ (жинақтау),

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

жыл сайын

қараша айы

  1.  

«Protecting business and investments» сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы аясында шетелдік және отандық инвесторлардың жобаларына қолдау шараларын жүргізу

қолдау шараларын жүргізу

«ҚО КТБ» ММ (жинақтау),

«ҚО ИИДБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша)

тұрақты түрде

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда оқу орындарында, кітапханаларда, мұражайларда кітаптар мен суреттер көрмелерін, балалардың театрландырылған қойылымдарын өткізу және бұрыштамалар орналастыру

көрмелер мен бұрыштамалар ұйымдастыру

«ҚО МАҚБ» ММ (жинақтау), «ҚО ББ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша)

тұрақты түрде тоқсан сайын

 

  1.  

Азаматтық бастамалардың облыстық Конгрессін өткізу

конгресс өткізу

«ҚО ІСБ» ММ, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша)

 жылына

 бір рет

  1.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша облыстық кәсіпкерлер форумын өткізу 

форум өткізу

«ҚО КТБ» ММ, «МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

 (келісім бойынша), «ҚО КП» (келісім бойынша)

жылына

 бір рет

  1.  

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды БАҚ беттерінде жариялап отыру  

жарияланымдар

«ҚО ІСБ» ММ, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «ҚО ӘА» ММ (жинақтау),

тұрақты түрде

  1.  

Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылу барысы туралы есептерді БАҚ-та, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау

жарияланымдар

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

(келісім бойынша, жинақтау), «ҚО ІСБ» ММ, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

жыл қорытындысы бойынша жыл сайын,

15 сәуірден кешіктірмей

  1.  

Еңбек шарттарын жасаспай қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерге шаралар қабылдаумен мониторинг жүргізу

отырыс

хаттамасы

«ҚО ЕСББ» ММ (жинақтау), «Нұр Отан» партиясы

(келісім бойынша),

«ҚО КТБ» ММ,

«ҚО ИИДБ» ММ,

аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «ҚО КП» (келісім бойынша)

жартыжылдық қорытындысы бойынша







20 қаңтар мен







20 шілдеден кешіктірмей

  1.  

Іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тарту мен жауапкершіліктің аражігін ажыратудың тиімді тетігін құру мәселесін пысықтау

ҚР ҰЭМ ақпарат

«ҚО ЭБЖБМ» ММ (жинақтау),

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері

2018 жылғы







4-тоқсан

  1.  

Ірі сауда объектілерінің (дүкендердің, сауда үйлерінің) құрылысын инвестициялық артықшылықтар берілетін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қосу мәселесін пысықтау

ҚР ҰЭМ ақпарат

«ҚО КТБ» ММ (жинақтау), «ҚО ҚСҚҚБ» ММ, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «ҚО КП»

(келісім бойынша)

2018 жылғы

4-тоқсан

  1.  

Квазимемлекеттік сектордың ашықтығын арттыру мақсатында, оның ішінде тауарды немесе көрсетілетін қызметті егжей-тегжейлі сипаттай отырып, тендерді ұтып алған тұлға, баға туралы толық ақпаратты, сондай-ақ өндіруші туралы ақпаратты жариялау жолымен оның сатып алу тетігін жетілдіру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-на ұсыныстар енгізу

«ҚО МСАБ» ММ (жинақтау), аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері, «Байқоңыр» ӘКК ҰҚ» АҚ, «ҚО КП» (келісім бойынша)

2018 жылғы







4-тоқсан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚР ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

«МҚІСЖҚІАҚОД» РММ

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

«Самұрық-Қазына»ҰАҚ» АҚ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы;

«Нұр Отан» партиясы

«Нұр Отан» Партиясы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалы;

«ҚО КП»

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы;

«Байқоңыр» ӘКК ҰҚ» АҚ

«Байқоңыр»  Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» ақционерлік қоғамы;

«ҚО ӘА» ММ

«Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ІСБ» ММ

«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ББ» ММ

«Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО КТБ» ММ

«Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЭБЖБ» ММ

«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО МСАБ» ММ

«Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ИИДБ» ММ

«Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ҚСҚҚБ» ММ

«Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЖҚБ» ММ

«Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЖПҚББ» ММ

«Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЕСББ» ММ

«Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО МАҚБ» ММ

«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

«ҚО ЖСМБ» ММ

«Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

ҮЕҰ

үкіметтік емес ұйымдар;

БАҚ

бұқаралық ақпарат құралдары.

 

 

 

 

 

 


Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының

2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іc-қимыл туралы іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

 

Р/с

Іс-шараның

атауы

Аяқтау

нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау

мерзімдері

1

Басқарманың интернет-ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету .

Интернет-ресурстарға ақпараттар енгізу

Ұйымдастыру, ақпараттық- талдау және бухгалтерлік есеп бөлімі (С.Альшоразова, К.Битілеуов).

Тұрақты

2

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға мониторинг жүргізу.

Мониторинг қорытындылары туралы анықтама

Ұйымдастыру, ақпараттық- талдау және бухгалтерлік есеп бөлімі (С.Альшоразова).

Тұрақты

3

«Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған пошта жәшіктерінің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

«Сенім» телефонындағы өтініштерді есепке алу журналы

Ұйымдастыру, ақпараттық- талдау және бухгалтерлік есеп бөлімі   (С.Альшоразова).

Тұрақты

4

Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарына талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныстар енгізу.

Талдау қорытындылары бойынша тиісті ұсыныстар енгізу

Басшының орынбасары

Т.Шалбаева,

бөлім басшылары

С.Альшоразова,

А.Айтимов,

У.Хасанов,

Б.Досымов.

 

Жыл сайын

4 тоқсан

5

Мекемелер мен кәсіпорындарда, кәсіпкерлік субъектілерінде тексерулер барысында мемлекеттік еңбек инспекторлары арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттерге жол бермеуге шаралар қолдану.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын фактілер белгілі болған жағдайда, тиісті шаралар қолдану 

Басшының орынбасары

Т.Шалбаева,

бөлім басшылары

С.Альшоразова,

А.Айтимов,

У.Хасанов,

Б.Досымов.

 

Тұрақты

6

Мемлекеттік қызметшілердің жеке табыс салығы мен мүліктері бойынша декларациялар тапсыру.

Наурыз айы

Персоналды басқару жөнінде бас маман Г.Тайманқызы.

Жыл сайын

1 тоқсан

7

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мәселелерінде азаматтық қоғам институттарымен, соның ішінде «Нұр Отан» партиясының филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңеспен, өзге де қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды (бірлескен іс-шаралар) күшейту.

Бірлескен іс-шаралар

Ұйымдастыру, ақпараттық- талдау және бухгалтерлік есеп бөлімі (С.Альшоразова),

 «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы (келісім бойынша), қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары (келісім бойынша).

Жыл сайын

8

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және күрес ықпалдасуының проблемалары»  тақырыбында әртүрлі құрылымдар мен ведомстволардың өкілдерімен дөңгелек стол өткізу.

Дөңгелек стол өткізу

Басшының орынбасары

Т.Шалбаева, Ұйымдастыру, ақпараттық- талдау және бухгалтерлік есеп бөлімі (С.Альшоразова)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп өткізу

 (келісім бойынша).

Жыл сайын

9

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларына енгізілген толықтырулар мен  өзгерістер туралы семинарлар, дөңгелек стол, кеңестер өткізу.

Тиісті іс-шаралар өткізу

Басшының орынбасары

Т.Шалбаева, Ұйымдастыру, ақпараттық- талдау және бухгалтерлік есеп бөлімі (С.Альшоразова),

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп өткізу

 (келісім бойынша).

Жыл сайын

10

Уақытша жұмысқа қабілетсіз қызметшілерді және еңбек демалысындағы қызметшілерді жұмыстан босату деректерінің алдын алу үшін еңбек заңдылығының талаптарының түсініктемесі бар жадынама әзірлеу.

Жадынама әзірлеу

Басшының орынбасары

Т.Шалбаева,

бөлім басшылары

С.Альшоразова,

А.Айтимов,

У.Хасанов,

Б.Досымов.

 

2018 жылғы

4 тоқсан

11

Мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықтың алдын – алу, соның ішінде  мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу ашықтығын қамтамасыз жөнінде құқықтық оқу өткізу.

Құқықтық оқу

Ұйымдастыру, ақпараттық- талдау және бухгалтерлік есеп бөлімі (С.Альшоразова, К.Битілеуов) Мемлекеттік сатып алулар басқармасымен бірлесіп өткізу (келісім бойынша).

Жыл сайын

12

Мемлекеттік еңбек инспекторлары арасында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптары бойынша құқықтық оқу өткізу.

Құқықтық оқу

Персоналды басқару жөнінде бас маман Г.Тайманқызы, құқық қорғау органдары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп өткізу (келісім бойынша).

Ай сайын

13

 Басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің  Әдеп кодексі  (Мемлекеттік қызметшілердің  қызметтік  әдеп қағидалары) бойынша құқықтық оқу өткізу.

Құқықтық оқу

Персоналды басқару жөнінде бас маман Г.Тайманқызы.

Тұрақты

14

Жұмыс берушілердің қолма-қол ақшамен жалақы беруін азайтып, жалақыны карт шот  арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру  тәртібін жетілдіру жөніндегі түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Анықтама

Барлық мемлекеттік еңбек

инспекторлары

Тұрақты

15

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы і-қимыл тақырыбында БАҚ арқылы материалдар (айдарлар, теледидар бағдарламалары, мақалалар) жариялау.

БАҚ- та материалдар жариялау және интернет-ресурстарда орналастыру.

Барлық мемлекеттік еңбек

инспекторлары.

Тұрақты


           

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 



Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының 2018 жылдың 6 айы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарған жұмыстары жайлы ақпарат          

2018 жылдың ІI-тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында басқармада жүйелі түрде атқарылған жұмыстар төмендегідей болды.

Жыл басында басқарманың бұйрығымен сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың 2018 жылға арналған іс-шаралар Жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыс жасалуда.

Басқармада өткізілетін саяси сабақтар негізінде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шара ретінде басқарма қызметкерлері арасында құқықтық оқу және отырыстар өткізілуде.Тоқсан сайын облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінің басылымдарында басқарма басшысы мен басшы орынбасарларының қабылдау кестелері және сенім телефоны 27-76-99  болып жарияланып тұрады.

Басқармада жасалған іс-шараға байланысты жұмыстар жалғасын табуда.


Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының 2018 жылдың 3 айы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарған жұмыстары жайлы ақпарат          

2018 жылдың I-тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында басқармада жүйелі түрде атқарылған жұмыстар төмендегідей болды.

Жыл басында басқарманың бұйрығымен сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың 2018 жылға арналған іс-шаралар Жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыс жасалуда.

Басқармада өткізілетін саяси сабақтар негізінде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шара ретінде басқарма қызметкерлері арасында құқықтық оқу және отырыстар өткізілуде.Тоқсан сайын облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінің басылымдарында басқарма басшысы мен басшы орынбасарларының қабылдау кестелері және сенім телефоны 27-76-99  болып жарияланып тұрады.

Басқармада жасалған іс-шараға байланысты жұмыстар жалғасын табуда.


Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының 2017 жыл қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарған жұмыстары жайлы ақпарат          

Басқармада Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 25 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспарына сәйкес тиісті шаралар атқарылуда.

2017 жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының нормаларын бұзған фактілер орын алған жоқ. 


Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының 2017 жылдың 9 айы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарған жұмыстары жайлы ақпарат            

   Басқармада Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 25 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспарына сәйкес тиісті шаралар атқарылуда.

Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасымен «Ел тілегі» Республикалық тәуелсіз ақпараттық, қоғамдық – саяси газетінің 2017 жылғы 6-қыркүйектегі №37 (528) басылымына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл - Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы» атты тақырыбында мақала жарияланды.

 


Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының 2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарған жұмыстары жайлы ақпарат            

   Басқармада Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 25 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспарына сәйкес тиісті шаралар атқарылуда.

   Бекітілген жоспарға сәйкес, 2017 жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының кадр жұмысы және ішкі қауіпсіздік жөніндегі аға прокуроры Р. Есжанов «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-баршамызға ортақ міндет» тақырыбында құқықтық оқу өткізді.

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отырады. «Ең басты қауіп-қатердің бірі» тақырыбындағы Басқарма басшысының орынбасары Т. Шалбаеваның мақаласы «Сыр дидары» газетінің 07.07.2017 жылғы № 27 номерінде жарияланды.

   2017 жылдың есепті мерзімінде мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының нормаларын бұзған фактілер орын алған жоқ.   


Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының       

             2017 жылдың   І тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес     

            бағытында атқарған жұмыстары жайлы ақпараты

 

     Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасында сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әрбір қызметшіге мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап құқықтары мен негізгі міндеттері, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000410) мен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1500000153) талаптары түсіндірілді.

   Басқарманың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын және мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексі» нормаларын орындауға бағытталған жылдық жоспары бекітіліп, ол бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

   2017 жылдың І тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының нормаларын бұзған фактілер орын алған жоқ.        


  Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының       

             2016 жылдың   12 айы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес     

            бағытында атқарған жұмыстары жайлы ақпараты

 

     Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасында сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әрбір қызметшіге мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап құқықтары мен негізгі міндеттері, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000410) мен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1500000153) талаптары түсіндірілді.

   Басқарманың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын және мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексі» нормаларын орындауға бағытталған жылдық жоспары бекітіліп, ол бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

   2016 жылдың 12 айы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының нормаларын бұзған фактілер орын алған жоқ.               

      


Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасында

2015 жыл ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар туралы

АҚПАРАТ

         2015 жылғы 11 желтоқсан күні басқарма басшысы-Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Н. Жолдасбаев 2015 жылдың қорытындысы бойынша басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы құқықтық оқу өткізді

 

 

Құрылған күні: 30-03-2015 18:43
Жаңартылған күні: 10-07-2019 20:05

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика