Новость:: 

   Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасымен «Аралтұз» АҚ-ның тұз өңдеу цехының конвейер операторы А.Шамаевтың 20.09.2019 ж. кәсіпорынның №4 тұз өңдеу цехындағы конвейер бункерін тазалау кезінде сол аяғынан ауыр дене жарақатын алу фактісі бойынша құрылған арнайы тергеп-тексеру комиссиясымен арнайы тергеп-тексеру жүргізілді.

   Қорытындысымен бұл жазатайым оқиғаның орын алуына №4 тұз өңдеу цехында технологиялық процестің бұзылуы, зардап шегушінің жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеуі себеп болғандығы анықталды.

   Арнайы тергеп-тексеру материалдары Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 2-бөлігінің белгілерімен тіркеп, тергеу әрекеттерін жүргізу үшін 11.11.19 ж. Арал аудандық полиция бөліміне жолданды.

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 15-11-2019 18:40
Жаңартылған күні: 15-11-2019 18:40

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
1 + 0 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика