Новость:: 

   Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасында (ары қарай-Басқарма) құрылған арнайы тергеп-тексеру комиссиясымен Жалағаш ауданындағы «Мираж» шаруа қожалығының (ары қарай-Шаруа қожалығы)  жұмыскері С.Сарсенбаевтың 06.09.19 ж. «К-701» маркалы трактор тіркемесіне күріш жинайтын комбайнды тасымалдап бара жатқан жолда Жалағаш кенті, Рахимов пен Бұхарбай батыр көшелерінің қиылысында комбайн үстінде көше бойымен тартылған жоғары кернеудегі электр желісі соғуынан қайтыс болу фактісі бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізілді.

   Арнайы тергеп-тексеру қорытындысымен бұл жазатайым оқиғаның орын алуына Шаруа қожалығында еңбек қауіпсіздігі жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылмауы, жұмыскерлердің жұмыс жүргізудің қауіпсіз тәсілдеріне оқытылып үйретілмеуі, олардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша бiлiмдерi тексерілмеуі, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi кіріспе нұсқама өткізілмеуі себеп болғандығы анықталды.

   Осыған байланысты, комиссиямен аталған жазатайым оқиға бойынша жұмыс берушінің кінәсі-100%, жұмыскердің кінәсі-0 % болып белгіленді.

Арнайы тергеп-тексеру материалдары Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігінің белгілерімен тіркеп, тергеу әрекеттерін жүргізу үшін 27.09.19 ж. Жалағаш аудандық полиция бөліміне жолданды.

 

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 02-10-2019 18:49
Жаңартылған күні: 02-10-2019 18:49

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
5 + 5 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика