Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысы әкімдігінің

                        2016 жылғы  «20» желтоқсандағы №665

қаулысымен бекітілген

«Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің ережесі

1.   Жалпы ережелер

1. «Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын атқарушы орган болып табылады.

2. Басқарманың құрылтайшысы Қызылорда облысының  әкімдігі болып табылады. Басқармаға қатысты коммуналдық меншік құқығының субъектісі болып  «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі табылады.

3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына  және заңдарына, Қазақстан Республикасының  Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Басқарма азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6.Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8.  Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның тұрған жері: индексі 120014, Қазақстан Республикасы,   Қызылорда облысы,  Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, 47.

10.  Мемлекеттік органның толық атауы – «Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11.  Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

12. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

    Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2.   Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері,

  функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Басқарманың миссиясы: еңбек қатынастары,  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау  саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

15. Негізігі міндеттері:  Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

16. Функциялары:

1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының соның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2. жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттарға мониторингті жүзеге асыру;

3. өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізу және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

4. еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының Еңбек  Кодексі бойынша және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;

5. басшы  қызметкерлердің  және  жұмыс берушілердегі еңбек  қауіпсіздігін  және  еңбекті  қорғауды қамтамасыз  етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу;

6. өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;

7. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша  қызметкерлер мен жұмыс берушілердің  өкілдерімен өзара  іс-қимыл жасау;

8. жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен  олардың өкілдерінің  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  мәселелері  жөніндегі  өтініштерін қарау;

9. өндірістік объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша  аттестаттау  мониторингін  жүзеге  асыру;

10.  2015 жылғы  29 қазандағы  «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне» сәйкес тексеру жоспарларын  әзірлеу және бекіту;

11.  еңбек жөніндегі уәкілетті  мемлекеттік  органға  еңбекті  қорғау  және   еңбек  қауіпсіздігі  жөніндегі ақпараттық  жүйе  базасында кезеңдік  есептерді, сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсыну;

12. еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізу;

13.  еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға еңбек  қатынастары бойынша қажетті ақпаратты беру;

14.  жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асыру;

15. өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы шараларды іске асыру;

16. жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге  де өкілеттіктерді жүзеге асыру.   

17.  Құқықтары мен міндеттері:

1)  Басқарма өзіне жүктелген міндеттерді және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін  заңнамада бекітілген тәртіппен:

мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

жеке және заңды тұғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

2) Басқарма:

заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

  1. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын  басшы жүзеге асырады.

19.  Басқарма басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20.  Басқарма  басшысының  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

21.  Басқарма басшысының өкілеттігі:

1. өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;

2. өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманы білдіреді;

3. еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4. стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының әзірленуін қамтамасыз етеді;

5. еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлеріне  заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;

6. бұйрықтарға қол қояды;

7. Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

8. шарттар жасасады;

9. сенімхаттар береді;

10. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;

11. Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

12.   облыс әкімдігі мен әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындайды;

13.   Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

14.  құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;

15.  қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

16.  гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;

17.  жеке тұлғаларды  және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

18. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22.  Басқарма басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23.  Басқарманың жұмыс режимі:

1)  Басқарма дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;

2)  Басқарманың жұмыс  уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат  09.00-ден  сағат 19.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден  сағат 15-00-ге дейін үзіліс;

3) Басқарма сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

24.  Басқарма мен облыс әкімдігі, Басқарма әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара  қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасының  заңнамасымен реттеледі.

  1. Басқарманың мүлкі

25. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

26. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.

27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуе құқығы жоқ.

  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

28. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарма таратылған жағдайда оның мүлкін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 04-09-2017 12:16

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика