Новость:: 

Еңбек шарты жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың кепілі болып табылады.

Сондықтан, әрбір жұмыскер еңбек заңнамасының еңбек шартына қатысты талаптарын білуі қажет.

         ҚР Еңбек кодексіне (ары қарай-Кодекс) сәйкес, жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы еңбек қатынастарды реттеу үшін еңбек шарты жасалуы тиіс.

         Адамды жұмысқа жіберу еңбек шартын жасасқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

         Сол себепті, жұмысқа кірісер алдында жұмыскер жұмыс берушіден еңбек шарты жасалуын талап етуі қажет.

Еңбек шарты бойынша жұмыскер жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесі қағидаларын сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.

         Еңбек шарты:

  1. Белгіленбеген мерзімге;
  2. Бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге;
  3. Белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;
  4. Уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына;
  5. Маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін;

         Бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімін ұзартудың саны екі реттен аспайды.

Еңбек шарты 16-жасқа толған азаматтармен жасалады.

         Еңбек шарты жазбаша 2-данада жасалады, оның бір-бір данасы жұмыскер мен жұмыс берушіде сақталады.

Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек және ұжымдық шартқа тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.

         Еңбек шарттарының талаптары біржақты тәртіппен өзгертілмейді.

         Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы хабарламаны еңбек шарты тараптарының бірі береді және екінші тарап оны берілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.

Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын жұмыс берушінің актісімен рәсімделеді.

         18 жасқа толмаған азаматтармен ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарға еңбек шартын жасасуға болмайды.

         Қызметкердің тапсырылатын жұмысқа бекітілген тексеру мақсатында еңбек шартында 3-айдан сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін.

         Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс беруші қызметкерден еңбек шарттарда келісілмеген жұмысты орындауды талап етуге құқылы емес.

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 03-10-2019 18:13
Жаңартылған күні: 03-10-2019 18:13

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
5 + 10 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика