Жалғасбаев Ертілеу Шынтасұлы

Қызылорда облысы әкімінің 2017 жылғы 24 тамыздағы  №631-Ө өкімімен Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Алдында осы қызметте болған: Жолдасбаев Нұрлыбек Қалжатайұлы

 

 

 
Өмірбаяны

Жалғасбаев Ертілеу Шынтасұлы 1962 жылы туған.

1984 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің заң факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылы Қазалы аудандық «Казсельхозтехника» бірлестігінің заңгері болып бастап, аудандық атқару комитетінің заң кеңесшісі қызметін атқарған.

1985 жылы прокуратура органдарына қабылданып, 1985-1994 жылдары Қазалы аудандық прокурорының көмекшісі, Жаңақорған аудандық прокуратурасының тергеушісі, Қызылорда облыстық прокуратурасының әлеуметтік-экономика саласында заңдылықты қадағалау бөлімінің аға прокуроры, Арал аудандық прокурорының орынбасары болып қызмет еткен.

1994-2005 жылдары Арал, Қазалы аудандық прокуроры, Байқоңыр қалалық прокуроры, Қызылорда облыстық прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2005 жылдан 2017 жылдың ақпанына дейін ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Жамбыл және Қызылорда облыстары бойынша басқармасының бастығы лауазымында қызмет еткен.

Мемлекеттік және ведомстволық наградаларымен марапатталған.

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрметті қызметкері, аға әділет кеңесшісі.

 
Құрылған күні: 08-04-2015 15:13
Жаңартылған күні: 16-10-2018 15:46

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика