Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының

2019 жыл қорытындысы бойынша  атқарған шаралары туралы есебі

   «Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

   Басқарманың миссиясы: еңбек қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

   2019 жыл қорытындысы  бойынша бөлінген 67 689,1 мың теңгенің 67 560,9 мың теңгесі игеріліп, атқарылуы 99,8 % құрады. Игерілмей қалған 128,2 мың теңге ағымдағы шығындардың қалдығы болып табылады.

   Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасымен 2019 жылғы 12 айда әр түрлі меншіктегі 392 мекемелер мен кәсіпорындар  тексерілді (оның ішінде жоспардан тыс- 372,  профилактикалық  бақылау тәртібімен- 2).

   Тексерулер қорытындысымен 510 заң бұзушылықтар анықталған, оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша- 455, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасы бойынша- 55.

   Заң бұзушылықтарды жою жөнінде 274 Нұсқама беріліп, оның 264 орындалып (96,3%),  510  бұзушылықтардың 497 (97,4%) жойылған.  

   Тексерулер нәтижесімен 110 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған (26- ескерту берілген 7,0  млн. тенгеге  84 әкімшілік айыппұл салынып,  сомасы 6,8 млн. теңге болатын 82 (97,1%)   айыппұл  өндірілді).   

   Аталған кезеңде 1120 жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары тіркеліп, белгіленген тәртіппен тиісті жауаптар берілді (қанағаттандырылғаны-691, түсіндірілгені-429).

   Мемлекеттік еңбек инспекторларымен облыстағы мекемелер мен кәсіпорындарда 152 рет еңбек заңнамасын түсіндіру лекциялары, семинарлар, 81 рет бұқаралық ақпарат және интернет ресурстары арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.                                                             


Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының

2019 жылдың 9 айында атқарған шаралары туралы есебі

 

  «Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

  Басқарманың миссиясы: еңбек қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

  2019 жылдың 9 ай қорытындысы  бойынша бөлінген 50 432,9 мың теңгенің 50 432,6 мың теңгесі игеріліп, атқарылуы 100,0 % құрады. Игерілмей қалған  0,3 мың теңге ағымдағы шығындардың қалдығы болып табылады.

  Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасымен 2019 жылғы 9 айда әр түрлі меншіктегі 293  мекемелер мен кәсіпорындар  тексерілді (оның ішінде жоспардан тыс- 291,  профилактикалық  бақылау тәртібімен- 2).

  Тексерулер қорытындысымен 368 заң бұзушылықтар анықталған, оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша- 334, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасы бойынша- 34.

  Заң бұзушылықтарды жою жөнінде 194 Нұсқама беріліп, оның 185 орындалып (95%),  368 бұзушылықтардың 356  (97%) жойылған.  

  Тексерулер нәтижесімен 70 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған (21- ескерту берілген,  4,6  млн. тенгеге  49 әкімшілік айыппұл салынып,  сомасы 3,2 млн. теңге болатын 42 (93%)   айыппұл  өндірілді).   

   Аталған кезеңде 1446 жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары тіркеліп (оның ішінде жеке тұлғалар өтініштері - 1320, заңды тұлғалар өтініштері - 83, жеке қабылдау арқылы-43), оның 879 қаралып,  белгіленген тәртіппен тиісті  жауаптар  берілді (қанағаттандырылғаны-545, түсіндірілгені-334).

  Мемлекеттік еңбек инспекторларымен облыстағы мекемелер мен кәсіпорындарда 89 рет еңбек заңнамасын түсіндіру лекциялары, семинарлар,  41 рет бұқаралық ақпарат және интернет ресурстары арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.                                                                                                                                                                                                                                                 

 

Құрылған күні: 19-11-2019 16:19
Жаңартылған күні: 14-01-2020 16:41

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика