Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының

2018 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша аналитикалық есебі

 

Еңбек даулары бойынша:

2018 жылғы 1 сәуірге облыста әлеуметтік-еңбек даулары  фактілері   орын алған жоқ, бұл саладағы ахуал тұрақты.

Жұмыс орындарын қысқартуды болдырмау және жалақы қарыздарын өндіру мақсатында, 2018 жылдың 3 айында 2 рет Облыс әкімі жанындағы Дағдарысқа қарсы штабта  аталған мәселелер қаралды.

Әлеуметтік еңбек дауларының алдын алу мақсатында Облыс әкімдігі және Облыстық прокуратурамен  бекітілген  әлеуметтік шиеленіс ошақтарының Картасы ай сайын жаңартылады.

 

Жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғау бойынша:

Облыстағы жұмыс берушілермен бірлесе отырып, әлеуметтік   шиеленістің алдын-алу, штат санын қысқартпау және жұмыс орнын сақтау мақсатында (қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде), ынтымақтастық туралы 2975 (оның ішінде 49 ірі,  орта, кіші 2926 кәсіпорынмен) Меморандумдар жасалып, онымен 54 мыңға жуық адам қамтылды.     

 «Ұжымдық шарт жасасыңдар!» акциясы аясында, 6005 мекемелер мен кәсіпорындардың ұжымдық шарттары тіркелген, оның ішінде мерзімі аяқталуына байланысты қайта тіркелгені -134,  жаңадан жасалған ұжымдық шарттар саны -1332.

 

Еңбек қатынастары жағдайы бойынша:

2018 жылдың 3 айында әр түрлі меншіктегі 75 мекемелер мен кәсіпорындарға жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, тексеру қорытындысымен 97 заң бұзушылықтар анықталды.

Нәтижесімен еңбек қарым-қатынасында жол берілген заң бұзушылықтар үшін 54 Нұсқамалар беріліп, 3,0  млн. тенге мөлшерінде 18  әкімшілік айыппұлдар салынып, сомасы 2,0 млн. теңге 11  айыппұл өндірілді (66,6%).

          

Жалақы  қарызы бойынша:

        Басқармамен жалақының уақытылы төлену мәселесі ерекше бақылауда.

       Облыс аумағындағы мекемелер мен кәсіпорындарда  жалақы төлемін кешіктіру фактілері анықталған жағдайда,  дереу әрекет ету шаралары жүргізілуде.

Қабылданған шаралардың нәтижесімен ағымдағы жылғы 3 ай қорытындысымен 26 кәсіпорынның 56  жұмыскерлеріне  6,8 млн. теңге  жалақы қарызы төленді.

2018 жылғы 1 сәуірге Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті  бақылауындағы  банкроттық  және  оңалту  рәсімі жүргізіліп жатқан 6 кәсіпорында 177 жұмыскерлерге  барлығы 34,5 млн. теңге жалақы қарызы қалыптасып отыр.

Аталған кәсіпорындардағы жалақы қарызын өндіру жұмыстары Конкурстық басқарушылармен жүргізілуде («Азияш»  ЖШС-і 3 жұмыскерге 440 103 теңге, «Н.С.С.- KZ» ЖШС-і 15 жұмыскерге 1,4 млн.теңге,  «Латона»  ЖШС-і  2 жұмыскерге 750000 теңге, «Дарын-Ж»ЖШС 10 жұмыскерге 14,6 млн.тенге, «Нұрсат -Бауыр» ЖШС 139 жұмыскерге 13,3 млн. теңге, «Фотон»ЖШС 8 жұмыскерге 3,9 млн.теңге). 

      Қазіргі уақытта облыс бойынша үш айдан астам жалақыдан  қарыз бар мекемелер тіркелмеген.   

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау  жайы туралы:

         Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 222 жеке және заңды тұлғалардың  хаттары мен арыз-шағымдары қаралып, белгіленген тәртіппен тиісті  жауаптар  берілді, оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша-206, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша -15, халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы бойынша- 1.     

 

Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздік жайы:

        2018 жылғы 3 айда  15 жазатайым оқиғалар тіркеліп,   8 оқиға еңбек қызметімен байланысты деп танылған, осы оқиғадан 15 адам зардап шеккен, 11 адам ауыр жарақат алып, 1 адам қайтыс болған. Топтық жазатайым оқиғалар-4.

        Облыстық ішкі істер органдарына   еңбек қызметімен байланысты 8  арнайы тергеп-тексеру материалдары жолданды.             

        Өндірістік объектілердің еңбек жағдайлары бойынша жыл басынан  5 кәсіпорынның  902  жұмыс  орнына  аттестаттау жүргізілген.

 

Құқықтық түсіндіру жұмыстары туралы:

       Мемлекеттік еңбек инспекторларымен бекітілген жоспарға сәйкес, облыстағы мекемелер мен кәсіпорындарда  35 рет еңбек заңнамасын түсіндіру лекциялар, семинарлар, 9 рет бұқаралық ақпарат және интернет ресурстары арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

        Оның ішінде  «Қазақстан Қызылорда» телеарнасынан тікелей эфир арқылы  6 рет сұхбат беріліп, облыстық және аудандық («Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Сыр дидары», «Халық»және т.б) газеттеріне 3 мақалалар жарияланды.


Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының

2017 жыл қорытындысы бойынша аналитикалық есебі

        

   Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасымен 2017 жылдың 12 айында әр түрлі меншіктегі 302  мекемелер мен кәсіпорындар тексерілді, оның ішінде ішінара тексеру саны-14, жоспардан тыс жүргізілген тексеру саны-288 оның  ҚР БП ҚЕ  ж/е АЕК Басқармасында тіркелгені-291.

   Тексерулер барысында 411 заң бұзушылықтар, оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша 340, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасы бойынша 50, халықты жұмыспен қамту заңнамасы бойынша 21  заң бұзушылықтар анықталған.

   Тексеру қорытындысымен анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде 213 нұсқама беріліп, оның 206 орындалып (96,7 0%),  411 заң бұзушылықтардың 392 жойылған (95,4 0%).

   Тексеру қорытындыларымен 6 625 480  теңге мөлшерінде 56 айыппұл салынып, оның  6 217 060  теңгесі өндірілді (93,8%).

   Мемлекеттік еңбек инспекторларымен облыстағы мекемелер мен кәсіпорындарда  103  рет құқықтық оқулар мен кездесулер, 27 рет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

   Еңбек заңнамасы бойынша 340 заң бұзушылықтар анықталып, заң бұзушылықтарды жою жөнінде 173 нұсқама берілді. Қабылданған шаралар нәтижесінде есепті кезеңде 167  заң бұзушылықтар жойылған (96,5%).

   Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін 33 әкімшілік шара көріліп, 2 ескерту,  4 401 860 теңге мөлшерінде 31 айыппұл салынды.

   2017 жылғы 12 айында  мемлекеттік еңбек инспекторларымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасы мен басқа да нормативтік құқықтық актілер талабы бойынша 50 заң бұзушылықтар анықталып, 21 нұсқама беріліп, 22 әкімшілік шара көріліп, оның ішінде 15 ескерту,  1 815 200 тенгеге  7 айыппұл салынды.

   Қабылданған шаралар нәтижесінде есепті кезеңде 47 заң бұзушылықтар жойылған немесе 94,0 % .

   Өндірістік объектілердің еңбек жағдайлары юойынша жыл басынан 28 кәсіпорынның 3004 жұмыс орнына аттестаттау жүргізілген.

   2017 жылдың 12 айында жазатайым оқиғалардың жиілігі 1000 жұмысшыға -0,25 ал адам өнімі шығынының жиілік коэффициенті 1000 жұмысшыларға -0,06 құрайды.

   Өндірістік объектілердің еңбек жағдайлары бойынша жыл басынан 28 кәсіпорынның 3004 жұмыс орнына аттестаттау жүргізілген.


Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының

2017 жылдың 9 айы бойынша аналитикалық есебі

 

    Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасымен 2017 жылдың 9 айында әр түрлі меншіктегі 246 мекемелер мен кәсіпорындар тексерілді, оның ішінде ішінара тексеру саны-12, жоспардан тыс жүргізілген тексеру саны-234, оның  ҚР БП ҚЕж/еАЕК Басқармасында тіркелгені-235.

   6 тексеру құқық қорғау органдарының бастамасымен, 5 тексеру басқа негіздер бойынша тіркелмей жүргізілген.

   Тексерулер барысында 319 заң бұзушылықтар, оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша 262, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасы бойынша 40, халықты жұмыспен қамту заңнамасы бойынша 17  заң бұзушылықтар анықталған.

   Тексеру қорытындысымен анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде 167 нұсқама беріліп, оның 155 орындалып (93,0 0%),  319 заң бұзушылықтардың 303 жойылған (95,0 0%).

   Тексеру қорытындыларымен 5 309 460 теңге мөлшерінде 44 айыппұл салынып, оның  4 379 170 теңгесі өндірілді (82,5%).

   Мемлекеттік еңбек инспекторларымен облыстағы мекемелер мен кәсіпорындарда  67 рет құқықтық оқулар мен кездесулер, 24 рет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

   Оның ішінде  «Қазақстан Қызылорда» телеарнасынан тікелей эфир арқылы  9 рет сұхбат беріліп, облыстық және аудандық («Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Сыр дидары», «Халық»және т.б) газеттеріне 15  мақалалар жарияланды.      

   Еңбек заңнамасы бойынша 262 заң бұзушылықтар анықталып, заң бұзушылықтарды жою жөнінде 135 нұсқама берілді. Қабылданған шаралар нәтижесінде есепті кезеңде 249 заң бұзушылықтар жойылған (95,5%).

  Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін 26 әкімшілік шара көріліп, 2 ескерту,  3 516 950 теңге мөлшерінде 24 айыппұл салынды.

  Тексеру нәтижелері көрсеткендей, еңбек заңнамасы бұзушылықтарына көбінесе мына жағдайларда жол беріледі:

   2017 жылғы 9 айында  мемлекеттік еңбек инспекторларымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасы мен басқа да нормативтік құқықтық актілер талабы бойынша 40 заң бұзушылықтар анықталып, 17 нұсқама беріліп, 16  әкімшілік шара көріліп, оның ішінде 10 ескерту,  1 474 850 тенгеге  6 айыппұл салынды. Қабылданған шаралар нәтижесінде есепті кезеңде 37 заң бұзушылықтар жойылған немесе 92,5% .

   Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талабындағы заң бұзушылықтар төмендегідей:

Халықты жұмыспен қамту заңнамасы бойынша 17 заң бұзушылықтар анықталып, заң бұзушылықтарды жою жөнінде 15 нұсқама беріліп, 14 әкімшілік шара көріліп 317 660 теңге көлемінде айыппұл салынды.

   Қабылданған шаралар нәтижесінде есепті кезеңде 17 заң бұзушылықтар жойылған немесе 100  % орындалған.

   Ағымдағы жылдың 9 айында  40 жазатайым оқиғалар тіркеліп,   24 оқиға еңбек қызметімен байланысты деп танылған, осы оқиғадан 32 адам зардап шеккен, 18 адам ауыр жарақат алып, 10 адам қайтыс болған. Топтық жазатайым оқиғалар-5.            

   Аталған жазатайым оқиғалар бойынша облыстық ішкі істер органдарына еңбек қызметімен байланысты 24 арнайы тергеп-тексеру материалдары жолданды.        

   Жазатайым оқиғалардың жиілігі 1000 жұмысшыға -0,15, ал адам өнімі шығынының жиілік коэффициенті 1000 жұмысшыларға -0,05 құрайды.

   Қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес деп танылған  «Торғай Петролеум» АҚ-ы мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының жұмыс берушілеріне комиссия шешімімен үш жыл мерзімге «Сенім» сертификаттары тапсырылды.

 


Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының

2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша аналитикалық есебі

Жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғау бойынша:

   Өткен жылы облыстағы жұмыс берушілермен бірлесе отырып, әлеуметтік   шиеленістің алдын-алу, штат санын қысқартпау және жұмыс орнын сақтау мақсатында (қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде) ынтымақтастық туралы 2975 (оның ішінде 49 ірі,  орта, кіші 2926) кәсіпорынмен меморандум жасалып, онымен 54 мыңға жуық адам қамтылды.  

  «Ұжымдық шарт жасасыңдар!» акциясы аясында, 6005 мекемелер мен кәсіпорындардың ұжымдық шарттары тіркелген, оның ішінде мерзімі бітуіне байланысты қайта тіркелгені -111,  жаңадан жасалған ұжымдық шарттар саны -1309.

Облыс бойынша кәсіпорындарда жалақыны кешіктіру, штат қысқарту мүмкіндігі жағдайында наразы бағыттағы топтардың арандатушылық әрекеттерінің алдын алу мақсатында, ұжымдардағы әлеуметтік көңіл-күйге жүйелі түрде мониторинг жүргізілуде. 

Жалақы қарызы бойынша:

   Жедел әрекет ету шараларымен 61 кәсіпорындар мен мекемелердің 1783  жұмысшыларына  223,2 млн. теңге  жалақы қарызы өндіріліп берілді.

Қазіргі уақытта облыс бойынша үш айдан астам жалақыдан қарызы бар мекемелер тіркелмеген.

Еңбек қатынастары жағдайы бойынша:

   2017 жылғы І жартыжылдығында мемлекеттік еңбек инспекциясымен әр түрлі меншіктегі 179 мекемелер мен кәсіпорындарға тексерулер жүргізілді. Тексерулер қорытындысымен 238 заң бұзушылықтар анықталған.

Тексерулер қорытындыларымен жұмыс берушілерге 121 нұсқама беріліп 3,9 млн. теңге мөлшерінде 35 әкімшілік айыппұлдар салынды.

Өндірістік жазатайым оқиғалар бойынша:

Ағымдағы жылғы І жартыжылдықта  27 жазатайым оқиғалар тіркеліп,  оның 16 еңбек қызметімен байланысты деп танылған.

   Аталған жазатайым оқиғалар бойынша облыстық ішкі істер органдарына 16 арнайы тергеп-тексеру материалдары жолданды.        

Арыз шағымдар мен құқықтық оқытулар бойынша:

         Мемлекеттік еңбек инспекциясымен І жартыжылдықта 541 азаматтардың  хаттары мен арыз-шағымдары қаралып, заңға сәйкес тиісті  жауаптар  берілді, оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша-507, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау сұрақтары бойынша -9, халықты жұмыспен қамту туралы заңы бойынша- 25 .


Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының

2017 жылдың І тоқсаны бойынша аналитикалық есебі

   2017 жылдың  I тоқсанда мемлекеттік еңбек инспекциясымен әр түрлі меншіктегі 76 мекемелер мен кәсіпорындарға жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Барлық тексерістердің 70  ҚР Бас прокуратурасының ҚЕж/еАЕ алу комитетінде тіркелген. Тіркелмеген  тексерістің 4-і  құқық қорғау органдарының бастамасымен, 2-і басқа да тексерулер жүргізілген.

  Жалпы  тексеру барысында 80 заң бұзушылықтар анықталған, оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша 78, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасы бойынша 2 заң бұзушылықтар анықталған.

І тоқсанда анықталған 80 заң бұзушылықтардың  49 немесе анықталған заң бұзушылықтардың 61,2 пайыз орындалып, жойылған. Тексеру қорытындысымен 50 нұсқама берілді (2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда әр түрлі меншіктегі 96  мекемелер мен кәсіпорындарға жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, 130 заң бұзушылықтар анықталып, заң бұзушылықтарды жою жөнінде 73 нұсқамалар беріліп, 76,7 пайызы жойылған).

  Мемлекеттік еңбек инспекциясы өндірістік жарақаттанулар мен кәсіби аурулардың алдын алуға, сонымен бірге еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау салаларында нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізуге басты назар аударады.

2017 жыл басынан облыстағы мекемелер мен кәсіпорындарда  13 рет құқықтық оқулар мен кездесулер, 8 семинарлар, 9 рет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

   Оның ішінде  «Қазақстан Қызылорда» телеарнасынан «Заңгер кеңесі»  облыстық бағдарламасы арқылы тікелей эфир арқылы 5 рет сұхбат беріліп,          облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттеріне 4  мақалалар жарияланды.

   Мемлекеттік еңбек инспекциясымен жыл басынан бері 272 азаматтардың  хаттары мен арыз-шағымдары қаралып, заңға сәйкес тиісті  жауаптар  берілді, оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша- 257, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау сұрақтары бойынша -7, халықты жұмыспен қамту туралы заңы бойынша- 8 .

 

     (2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 236  азаматтардың  хаттары мен арыз-шағымдары қаралып, заңға сәйкес тиісті  жауаптар  берілді).


Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының

2016 жылдың 12 айы бойынша аналитикалық есебі

    2016 жылдың 12 айында мемлекеттік еңбек инспекциясымен әр түрлі меншіктегі 357 мекемелер мен кәсіпорындарға жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Барлық тексерістердің 338  ҚР Бас прокуратурасының ҚЕж/еАЕ алу комитетінде тіркелген. Тіркелмеген  тексерістің 13-і  құқық қорғау органдарының бастамасымен,4-і шаруашылық субьектілеріне, 2-і басқа да тексерулер жүргізілген.

    Жалпы  тексеру барысында 452 заң бұзушылықтар анықталған, оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша 438, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасы бойынша 14 заң бұзушылықтар жіберілген. 2017 жылдың 01  қаңтарына 415 немесе анықталған заң бұзушылықтардың 91,8 пайыз орындалып, жойылған. Тексеру қорытындысымен 233 нұсқама берілді (2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда әр түрлі меншіктегі 354  мекемелер мен кәсіпорындарға жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, 506 заң бұзушылықтар анықталып заң бұзушылықтарды жою жөнінде 227 нұсқамалар беріліп 95,1 пайызы жойылған).

   Мемлекеттік еңбек инспекциясы өндірістік жарақаттанулар мен кәсіби аурулардың алдын алуға, сонымен бірге еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау салаларында нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізуге басты назар аударады.

   Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторларымен 80 семинарлар, оқулар, жиналыстар, кездесулер, 6 дөңгелек стөлдер ұйымдастырылып, 16 бұқаралық ақпарат құралдары және 8 теледидардан еңбек заңнамасы, халықты жұмыспен қамту және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау сұрақтары бойынша   құқықтық түсіндірмелер жүргізілді.

    Мемлекеттік еңбек инспекциясымен жыл басынан бері 1172 азаматтардың  хаттары мен арыз-шағымдары қаралып, заңға сәйкес тиісті  жауаптар  берілді, оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша- 1120, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау сұрақтары бойынша -17, халықты жұмыспен қамту туралы заңы бойынша- 35 .

     (2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 849  азаматтардың  хаттары мен арыз-шағымдары қаралып, заңға сәйкес тиісті  жауаптар  берілді).


Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының

2016 жылдың 9 айы бойынша аналитикалық есебі

    2016 жылдың 9 айы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясымен әр түрлі меншіктегі 272 мекемелер мен кәсіпорындарға жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Барлық тексерістердің 256  ҚР Бас прокуратурасының ҚЕж/еАЕ алу комитетінде тіркелген. Тіркелмеген  тексерістің 12-і де құқық қорғау органдарының бастамасымен, 1-і басқа да тексерулер жүргізілген.

    Жалпы  тексеру барысында 367 заң бұзушылықтар анықталған, оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша 354, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасы бойынша 13 заң бұзушылықтар жіберілген. 2016 жылдың қазан айының 1-не 308 немесе анықталған заң бұзушылықтардың 84,0 пайыз орындалып, жойылған. Тексеру қорытындысымен 184 нұсқама берілді.

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы өндірістік жарақаттанулар мен кәсіби аурулардың алдын алуға, сонымен бірге еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау салаларында нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізуге басты назар аударады.

    Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторларымен 76 семинарлар, оқулар, жиналыстар, кездесулер, 6 дөңгелек стөлдер ұйымдастырылып, 14 бұқаралық ақпарат құралдары және 8 теледидардан еңбек заңнамасы, халықты жұмыспен қамту және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау сұрақтары бойынша   құқықтық түсіндірмелер жүргізілді.

    Мемлекеттік еңбек инспекциясымен жыл басынан бері 861 азаматтардың  хаттары мен арыз-шағымдары қаралып, заңға сәйкес тиісті  жауаптар  берілді, оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша- 831, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау сұрақтары бойынша -13, халықты жұмыспен қамту туралы заңы бойынша- 17.


Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының

2016 жылдың ІІ тоқсан бойынша аналитикалық есебі

    2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында мемлекеттік еңбек инспекциясымен әр түрлі меншіктегі 198 мекемелер мен кәсіпорындарға жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Барлық тексерістердің 185  ҚР Бас прокуратурасының ҚЕж/еАЕ алу комитетінде тіркелген. Тіркелмеген 13 тексерістің 10-ы де құқық қорғау органдарының бастамасымен, 2-і басқа да тексерулер жүргізілген.

    Жалпы  тексеру барысында 271 заң бұзушылықтар анықталған, оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша 261, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасы бойынша 10 заң бұзушылықтар жіберілген. 2016 жылдың шілде айының 1-не 217 немесе анықталған заң бұзушылықтардың 80,0 пайыз орындалып, жойылған. Тексеру қорытындысымен 139 нұсқама берілді.

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы өндірістік жарақаттанулар мен кәсіби аурулардың алдын алуға, сонымен бірге еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау салаларында нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізуге басты назар аударады.

    Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторларымен 28 семинарлар, оқулар, жиналыстар, кездесулер, 6 дөңгелек стөлдер ұйымдастырылып, 14 бұқаралық ақпарат құралдары және 8 теледидардан еңбек заңнамасы, халықты жұмыспен қамту және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау сұрақтары бойынша   құқықтық түсіндірмелер жүргізілді.

     Мемлекеттік еңбек инспекциясымен жыл басынан бері 522 азаматтардың  хаттары мен арыз-шағымдары қаралып, заңға сәйкес тиісті  жауаптар  берілді, оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша- 500, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау сұрақтары бойынша -8, халықты жұмыспен қамту туралы заңы бойынша- 14 .


Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының

2016 жылдың І тоқсан бойынша аналитикалық есебі

   2016  жылдың І тоқсан бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясымен әр түрлі меншіктегі  96 мекемелер мен кәсіпорындар тексерілді, барлығы да жоспардан тыс тексерістер. Барлық  тексерулердің  90-ы  ҚР Бас прокуратурасының ҚЕж/еАЕ алу комитетінде тіркелген. Тіркелмеген 6 тексерулер құқық қорғау органдарының бастамасымен  жоспардан тыс тексерулер жүргізілген.

   Жалпы  тексеру барысында 130 заң бұзушылықтар анықталған, оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша 125, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасы бойынша 5  заң бұзушылықтар жіберілген. 2016 жылдың сәуір айының 1-не анықталған  93 заң бұзушылықтардың 71,5 пайыз орындалып, жойылған. Тексеру қорытындысымен 73 нұсқама берілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторларымен жүргізілген тексеру қорытындыларымен лауазымды және заңды тұлғаларға әкімшілік шаралар қаралды. Барлық тексеру қорытындыларымен жіберілген заң бұзушылықтар үшін 6723570 теңге мөлшерінде 28 айыппұлдар салынды.

   Жыл басынан бері 8 рет бұқаралық ақпарат құралдарына 4 рет теледидардан еңбек заңнамасы, халықты жұмыспен қамту және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау сұрақтары бойынша   хабарламалар берілді.

   Құқық қорғау органдарына 16 материалдар жолданды. Оның ішінде ішкі істер органына 7, сот органдарына 9

    2016 жылдың  1 сәуірдегі  жағдай  бойынша  жалақы  қарызы 1 кәсіпорында 36 жұмысшыға «МИГ-21» ЖШС 4,6 млн. теңгені құрады.

   Сонымен қатар, күнделікті мониторинг нәтижесімен 24 кәсіпорынның 3892 жұмысшыларына 614,7 млн. теңгенің жалақысы өндіріліп берілді.

 


Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының

2015 жыл бойынша аналитикалық есебі 

     2015 жылы мемлекеттік еңбек инспекциясымен әр түрлі меншіктегі 354 мекемелер мен кәсіпорындар тексерілді, барлығы да жоспардан тыс тексерістер. Барлық тексерістердің 288 ҚР Бас прокуратурасының ҚЕж/еАЕ алу комитетінде тіркелген. Тіркелмеген 34 тексеру құқық қорғау органдарының бастамасымен тексерулер жүргізілген. Мемлекеттік еңбек инспекторларымен тергеп тексерген жазатайым оқиғалардың саны-62, оның ішінде 20 оқиға өндіріспен байланысты емес,  42  жазатайым оқиға арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізген комиссиялардың қорытындысымен, өндіріспен байланысты деп табылды.

     Жалпы  тексеру барысында 506 заң бұзушылықтар анықталған, оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша 419, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасы бойынша 84   заң бұзушылықтарға жол берілген,  халықты жұмыспен камту заңы бойынша-3. 2015  жылы 506 анықталған заң бұзушылықтардың 483 немесе 96 пайыз орындалып, жойылған. Тексеру қорытындысымен  227 нұсқамалар берілді.

     Мемлекеттік еңбек инспекторлары 131 өндірістік нысандарды пайдалануға қабылдауға қатысты.

     Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы кәсіпорындар мен ұйымдарда Қазақстан Республикасының еңбек заңдылықтарын түсіндіру және еңбек дауларының алдын-алу мақсатында 20 рет БАҚ арқылы түсіндірмелер беріліп, 32 семинар, 37 кездесу, 8 дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оларға барлығы  3420 адам қатысты.      

     2015 жылдың 30 желтоқсан жағдай бойынша жалақы қарызы 1 кәсіпорында 34 жұмысшыға «МИГ-ХХІ» ЖШС-, 4,3 млн.теңгені құрады.

     Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері жалақы қарыз 97%-ға төмендеді (172,1 млн.теңгеден 167,8  млн.теңгеге).

     Жыл басынан бері облыстың 4645 кәсіпорнымен жергілікті атқарушы органдар, жұмыс берушілер және кәсіподақтар арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

     2015  жылы  мемлекеттік еңбек инспекторларымен  62  жазатайым оқиға тексерілді, оның ішінде 20 оқиға өндіріспен байланысты емес,  42  жазатайым оқиға арнайы  тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізген комиссиялардың қорытындысымен, өндіріспен байланысты деп табылды, материалдары ішкі істер органдарына жіберілді.

     2015  жылы жазатайым оқиғаның коэффициент жиілігі 1000 жұмысшыға (Кч) 0,22 құрайды, ал адам өлім шығының коэффициент жиілігі 1000 жұмысшыға (Кчс)  0,04 құрайды.


Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының

2015 жылдың ІІІ тоқсан бойынша аналитикалық есебі 

 

         2015 жылғы  ІІІ тоқсанында мемлекеттік еңбек инспекциясымен әр түрлі меншіктегі 263 мекемелер мен кәсіпорындар тексерілді, барлығы да жоспардан тыс тексерістер. Барлық тексерістердің 214 ҚР Бас прокуратурасының ҚЕж/еАЕ алу комитетінде тіркелген. Тіркелмеген 49 тексеріс, құқық қорғау органдарының бастамасымен тексерулер жүргізілген. 32 жазатайым оқиға арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізген комиссиялардың қорытындысымен, өндіріспен байланысты деп табылды.

         Жалпы  тексеру барысында 404 заң бұзушылықтар анықталған, оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша 322, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасы бойынша 80   заң бұзушылықтарға жол берілген. 2015  жылдың қазан айының 01-не  215 анықталған заң бұзушылықтардың 366 немесе 90,5 пайыз орындалып, жойылған. Тексеру қорытындысымен 171 ұйғарымдар берілді.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 96 өндірістік нысандарды пайдалануға қабылдауға қатысты.

          Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы кәсіпорындар мен ұйымдарда Қазақстан Республикасының еңбек заңдылықтарын түсіндіру және еңбек дауларының алдын-алу мақсатында 17 рет БАҚ арқылы түсіндірмелер беріліп, 37 семинар, 32 кездесу, 8 дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оларға барлығы  2672 адам қатысты.      


   Қызылорда облысы бойынша Еңбек саласындағы бақылау басқармасының

2015жылдың І тоқсан бойынша  аналитикалық есебі

 

               2015 жылғы І жартыжылдығында мемлекеттік еңбек инспекциясымен әр түрлі меншіктегі 164 мекемелер мен кәсіпорындар тексерілді, барлығы да жоспардан тыс тексерістер. Барлық тексерістердің 133 ҚР Бас прокуратурасының ҚЕж/еАЕ алу комитетінде тіркелген. Тіркелмеген 31 тексеріс, құқық қорғау органдарының бастамасымен тексерулер жүргізілген. 14 жазатайым оқиға арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізген комиссиялардың қорытындысымен, өндіріспен байланысты деп табылды.

          Жалпы  тексеру барысында 215 заң бұзушылықтар анықталған, оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша 180, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасы бойынша 35   заң бұзушылықтарға жол берілген. 2015  жылдың шілде айының 01-не  215 анықталған заң бұзушылықтардың 173 немесе 80,5 пайыз орындалып, жойылған. Тексеру қорытындысымен 99 ұйғарымдар берілді.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 38 өндірістік нысандарды пайдалануға қабылдауға қатысты.

          Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы кәсіпорындар мен ұйымдарда Қазақстан Республикасының еңбек заңдылықтарын түсіндіру және еңбек дауларының алдын-алу мақсатында 15 рет БАҚ арқылы түсіндірмелер беріліп,  26 семинар, 28 кездесу, 6 дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оларға барлығы  2122 адам қатысты.      

Тексеру барысында анықталған 180 еңбек заңнамасының заң бұзушылықтарының 151 заң бұзушылықтары жойылды немесе барлық анықталған заң бұзушылықтардың 83,8 пайызы жойылды. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзғаны үшін 3 805 440 теңге мөлшерінде 37 айыппұл салынды.

          Жұмыс орындарын қысқартуды болдырмау және жалақы қарыздарын өндіру мақсатында ағымдағы жылдың 6 айында 9 рет облысы әкімі жанындағы дағдарысқа қарсы штабтың және 5 рет облыстық үшжақты әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның отырыстары өткізілді.

        Ай сайын облыс әкімі және облыстық прокуратурамен әлеуметтік шиеленіс ошақтарының Картасы бекітіліп отыр.

2015 жылдың 01 шілде жағдай бойынша жалақы қарызы 3 кәсіпорында  128 жұмысшыға («МИГ-ХХІ» ЖШС-4,8 млн.теңге, «Азияш» ЖШС-10,2 млн.теңге, «Жез Киік и К» ЖШС-9,5 млн.теңге)  24,5 млн.теңгені құрады.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері жалақы қарыз 85,8%-ға төмендеді (172,1 млн.теңгеден 24,5  млн.теңгеге).

Сонымен қатар, күнделікті жүргізіліп отыратын мониторинг нәтижесімен 31 кәсіпорынның 3965 жұмысшыларына 745,9 млн.теңгенің жалақысы өндіріліп берілді.

       Жыл басынан бері облыстың 4645 кәсіпорнымен жергілікті атқарушы органдар, жұмыс берушілер және кәсіподақтар арасында өзара  ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

2015 жылдың І жартыжылдығына мемлекеттік еңбек инспекторларымен    21 жазатайым оқиғаға арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, материалдары ішкі істер органдарына жіберілді, олардың ішінде 14 оқиға арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізген комиссиялардың қорытындысымен өндіріспен байланысты деп табылды. Осы 14 жазатайым оқиғадан 15 адам зардап шекті. Олардың ішінде жазатайым оқиға нәтижесінде алған жарақатынан 3 адам қайтыс болған, 9 адам ауыр дәрежелі жарақат алған. 14 жазатайым оқиғаның ішінде 1 топтық жазатайым оқиға орын алды. 

                    

 


Қызылорда облысы бойынша Еңбек саласындағы бақылау басқармасының

2015жылдың І тоқсан бойынша есебінің

Анықтамасы

             2015 жылдың І тоқсан бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясымен әр түрлі меншіктегі 82 мекемелер мен кәсіпорындар тексерілді, оның ішінде жоспардан тыс тексерістер. Барлық тексерістердің 76 ҚР Бас прокуратурасының ҚЕж/еАЕ алу комитетінде тіркелген. Тіркелмеген 6 тексерістің де құқық қорғау органдарының бастамасымен тексерулер жүргізілген. Жоспардан тыс жүргізілген 82 тексерудің  9 жазатайым оқиғаны тергеп тексеру барысында жүргізілген.

Жалпы  тексеру барысында 107 заң бұзушылықтар анықталған, оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша 98, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасы бойынша 1  заң бұзушылықтар жіберілген. 2015 жылдың сәуір айының 01-не анықталған 117 заң бұзушылықтардың 100,0 пайыз орындалып, жойылған. Тексеру қорытындысымен 50 нұсқама берілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторларымен жүргізілген тексеру қорытындыларымен лауазымды және заңды тұлғаларға әкімшілік шаралар қаралды. Барлық тексеру қорытындыларымен жіберілген заң бұзушылықтар үшін 2 675700 теңге мөлшерінде 22 айыппұлдар салынды.

          Мемлекеттік еңбек инспекторлары 6 өндірістік нысандарды пайдалануға қабылдауға қатысты.

          Бұқаралық ақпарат құралдарына 3рет теледидардан еңбек заңнамасы, халықты жұмыспен қамту және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау сұрақтары бойынша   хабарламалар берілді.

Құқық қорғау органдарына 5 материалдар жолданды.Жүргізілген тексерістердің талдауы көрсеткендей, анықталға заң бұзушылықтардың біршамасы еңбекті қорғау заңнамалары бойынша.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуын өткен жылмен салыстырғанда, төмендегідей:

 

Анықталған заң бұзушылықтар

 

2015 жыл

жыл

басынан

2014 жыл

жыл басынан

1

Еңбекті қорғау жөніндегі қызметті құру немесе лауазымды адамды тағайындау

-

-

2

Еңбекті қорғау жөніндегі  нормативтік құқықтық актілермен қаматамсыз ету

1

-

3

Жұмысшыларды оқыту және нұсқама беру бойынша

2

2

4

Кәсіби қажеттілікке сай медициналық тексеруден өткізу бойынша

1

-

5

Қауіпсіздік еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету бойынша

-

1

6

Арнайы қорғаныс киімдері және құралдарымен қамтамасыз етілуі

-

-

7

Өндіріспен байланысты жазатайым оқиғалардың уақытылы тергелмеуі

4

1

8

Басқалары

-

2

 

 

 

 

 

 

       2015 жылдың І тоқсанына мемлекеттік еңбек инспекторларымен 9 жазатайым оқиғалар тіркелді. Еңбек қызметімен байланысты тіркелген 9 жазатайым оқиғада 5 адам зардап шеккен, оның 5 ауыр шығынмен.

Негізгі өндірістік жарақаттанудың түрлері:

Өндірістік жарақаттанудың түрлері:

2015 жыл

адам

2014 жыл

адам

1

Көлік оқиғасы

2

18

2

Зардап шегушінің құлауы

2

3

3

Биіктен құлау

-

1

4

Жер қазуда, кен жұмыстарында кен қабаттарының қирауы 

-

-

5

Жол-көлік оқиғасы

2

18

6

Деталдар мен айналмалы құралдардың, ұшатын, қозғалыстағы құралдардың әсері

1

3

7

Электротогоның әсері

-

-

8

Экстремалық жылудың әсері

-

-

9

Зиянды және қауіпсіз заттардың әсері

-

-

10

Қарақшылық шабуыл

-

-

11

Басқалары

-

-

 

Жазатайым оқиғалардың себептері

2015 жыл

адам

2014 жыл

адам

1

Жұмыс орнының ауасының тозаңдануы мен газдануының жоғарлауы

-

-

2

Құралдарды, механизмдерді, машиналарды конструкциялаудың жетіспеулігі

-

-

3

Ақаулы құралдарды, механизмдерді, машиналарды пайдалану

-

-

4

Көлік құралдарын пайдалануда қауіпсіздік талаптарын бұзу

-

-

5

Автокөлік қозғалысында ережелерді бұзу

-

4

6

Қауіпсіз жұмыс тәсіліне оқытудың жетімсіздігі

-

2

 

Ғимараттардың, кешендердің техникалық жағдайларының қанағаттанарлықсыздығы

1

-

7

Еңбекті қоргау және қауіпсіздік ережелерін бузу

-

-

8

Зардап шегушінің өрескел байқаусыздығы

-

7

 Өндірістік жарақаттанудың салалары бойынша көрсеткіштері

Өндіріс  салаларының  атаулары

2015 жыл

оқиға

2014 жыл

оқиға

1

Энергетика 

-

-

2

Мұнайгаз

-

15

3

Құрылыс

2

-

4

Автокөлік

2

5

5

Темір жол көлігі

-

-

6

Шағын кәсіпкерлер ұйымдары

-

1

7

Коммуналдық  шаруашылықтар

-

1

8

Ауыл шаруашылық

-

1

9

Бюджет мекемелері

-

3

10

Басқалары

1

1

2015 жылдың І тоқсанына айында жазатайым оқиғаның коэффициент жиілігі 1000 жұмысшыға (Кч) 0,02 құрайды.

 

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 11-04-2018 10:41

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика