Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

  • Дата публикации: 10/01/2018 - 21:43
    Мазмұны:

       Еңбек қатынастары жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында осы Кодекске сәйкес жасалатын еңбек шартының негізінде туындайды.

       Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір-бір данасы жұмыскер мен жұмыс берушіде сақталады.

       Жұмыс беруші мен жұмыскер мен арасында жасалған еңбек шартында, тараптардың деректемелері, белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы), жұмыстың орындалатын орны, еңбек шартының мерзімі, жұмыстың басталу күні, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары, егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер, жұмыскердің құқықтары мен міндеттері, жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері, еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі, тараптардың жауаптылығы, жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс.

       Сонымен қатар, тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.

       Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 24-бабына сәйкес, еңбек шартының нысанасы - еңбек шарты бойынша жұмыскер жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесі қағидаларын сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.

       Сондай-ақ, адамды жұмысқа жіберу еңбек шартын жасасқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

       ҚР Еңбек кодексінің 14-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

       ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 86-бабы 1-бөлігіне сәйкес, жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі - лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

  • Дата публикации: 25/12/2017 - 15:04
    Мазмұны:

       2017 жылы 21 желтоқсанда  Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының қызметкерлері  «Сыр жомарты» қайырымдылық акциясы аясында  көмекке мұқтаж тұрмысы төмен, қала тұрғындары Р.Мапасыпов пен А.Матерзаеваларға азық-түлікпен көмек көрсетті.

  • Дата публикации: 25/12/2017 - 14:57
    , ,
    Мазмұны:

       2017 жылы 15 желтоқсанда Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Облыс әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті  Жарлығымен Қазақстан Республикасының  Құрмет  Грамотасымен  марапатталған  Басқарманың  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы - мемлекеттік еңбек инспекторы Айтимов Әбдімәлікке осы Құрмет  Грамотасын табыс етті.

  • Дата публикации: 02/12/2017 - 13:39
    Мазмұны:

    «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай, Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау Басқармасының мәжіліс залында салтанатты шара өтті.

    Шара барысында Басқарма басшысы – Қызылорда облысы бойынша Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Е.Жалғасбаев Басқарма қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтады.

    Сонымен қатар, жемісті еңбек ету, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік қорғау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Басқарманың еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы - Хасанов Өтеп Исмайлұлы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік - еңбек саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.

  • Дата публикации: 05/10/2017 - 18:39
    Мазмұны:

    Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

             Еңбек заңнамасын сақтау жұмыс берушімен  жұмыскердің де міндеті болып табылады. Осылайша, жұмыс беруші жұмыскердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республиксының Еңбек кодексінің 64,66-баптарында белгіленген тәртіпте тәртіптік жаза қолдануға құықылы.

             Егер еңбек заңнамасын бұзу нәтижесінде жұмыс беруші жұмыскерге материалдық залал келтірген болса және керісінше, онда залал келтіруші ҚР Еңбек кодексінің 121,123 баптарында белгіленген тәртіпте материалдық жауапкершілікке тартылады.

             ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексініңбірқатар баптарында жұмыс берушінің әкімшілік жауапкершілігі көзделген:

    • Адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу (86-б);
    • Еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзу (87-б);
    • Демалыс бермеу (88-б);
    • Жұмыс уақытының нормасын заңсыз асыру (89-б);
    • Еңбек саласында кемсітушілікке жол беру (90-б);
    • Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу (93-б);
    • Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзу (94-б);
    • Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу (95-б);
    • Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісін жасыру (96-б);
    • Ұжымдық шарт, келісім жасау жөнінде заңнама талаптарын бұзу (97-б).

       Еңбек заңнамасын бұзуға кінәлі адамдардың жауаптылығын белгілейтін заңнамалық акт, бірқатар баптарды көздейтін, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі болып табылады, атап айтқанда:

    •  ҚР еңбек заңнамасын бұзу (152-б):
    • Жұмыскермен еңбек шартын заңсыз тоқтату не соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешімін орындамау, сол сияқты ҚР  еңбек заңнамасын азаматтың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан өзге де бұзу;
    • Әйелмен оның жүктілігі бойынша еңбек шартын жасасудан негізссіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізссіз тоқтату немесе үш жасқа дейінгі балалары бар әйелмен осы себептер бойынша еңбек шартын жасасудан негізссіз бас тарту  немесе онымен еңбек шартын негізссіз тоқтату, сол сияқты мүгедекпен оның мүгедектігі себебі бойынша не кәмелетке толмаған адаммен оның кәмелетке толмағандығы себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізссіз бас тарту немесе негізссіз тоқтату;
    • Басқару функцияларын орындайтын адамның ақшаны өзге мақсаттарға пайдалануына байланысты жалақының толық көлемде және белгіленген мерзімде төленуін бірнеше рет кідіртуі;
    • Кәмелетке толмағандарға қатысты ҚР еңбек заңнамасын бұзу (153-б);
    • Жұмыскерлер өкілдерінің заңды қызметіне кедергі жасау (154-б);
    • Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу (156-б);

        Келтірілген залалдың дәрежесіне қарай тиісті жаза қолданылдады (айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қамаққа алу, бостандығын шектеу, бостандығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту және заңмен белгіліенген уақытқа белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу түріндегі жазалар).

  • Дата публикации: 13/09/2017 - 12:01
    Мазмұны:

       2017 жылдың 9 қыркүйек күні Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Денсаулық Фестивалі-2017» кең ауқымды акциясына  басқарма қызметкерлері белсенді түрде қатысты. Фестиваль қатысушылары «Достық үйі» алдынан арбат бойымен Орталық алаңға дейін «Денсаулыққа 10 000 қадам»  шеруін жасады. Шеруден кейін Орталық алаңда концерттік бағдарлама, спорттық көрсетілімдер көрініс тапты. Басқарма қызметкерлері әрдайым салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулық пен спортты қолдайды.

  • Дата публикации: 11/09/2017 - 12:57
    Мазмұны:

    ҚР-да тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығымен» ұйымдастырылған 100 сағаттық «Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту» курсын Басқарма қызметкерлері В1 орта деңгейі бойынша тиісті дәрежеде бітіріп шықты. Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының директоры Н. Мусаева басқарма қызметкерлеріне оқу курсын бітіргендігін куәландыратын сертификаттарды салтанатты түрде табыстады.

  • Дата публикации: 12/06/2017 - 15:46
    Мазмұны:

    2017 жылдың 1 маусымына атқарған жұмыстары туралы

     АНЫҚТАМА

     Жалақы төлемі қарызының мониторингі және бақылау

       Жалақы төлемін кешіктіру  фактілері анықталған жағдайда, дереу түрде жалақы қарызының қалыптасу жағдайының алдын алу шаралары қабылдануда.

       Дереу әрекет ету шаралар нәтижесінде облыс бойынша 57 мекеменің 1574  жұмысшылары алдындағы  210,3 млн. тенгенің жалақыға қарызы төленді .

      Бүгінгі күнде облыс бойынша үш айдан астам жалақыдан қарызы бар мекемелер жоқ.

       Анықтама ретінде: Жыл басында орын алған жалақы қарызы 3 мекемеде  428 қызметкерге 85,3 млн теңгені құраған болатын. («РМЗ Шапағат» ЖШС-359 жұмыскерге-78,4 млн.тенге, «Шалқия Неруд»ЖШС – 42 жұмыскерге -1,5млн.тенге, «Миниса Үмит»мектепке дейінгі кіші орталықта- 28 жұмыскерге- 5,4 млн.тенге).

       Бүгінгі күнге «РМЗ Шапағат» ЖШС-і мен «Шалқия Неруд»ЖШС-і бойынша жалақы қарызы  толық өндіріліп, «Миниса Үмит»мектепке дейінгі кіші орталық бойынша банкроттық рәсімі жүргізілуде.

       Жалпы облыс бойынша банкроттық және оңалту рәсімі жүргізіліп жатқан 6 кәсіпорында 122 жұмысшыларға, барлығы 21,3 млн. теңге жалақы қарызы қалыптасқан.

       Анықтама ретінде: Аталған кәсіпорындардағы жалақы қарызын өндіру жұмыстары Қызылорда облысының мемлекеттік кірістер департаментінің конкурстық басқарушыларымен жүргізілуде.(Мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі балабақша шағын орталығы «Миниса Үміт» 28 қызметкерге 5,4 млн.теңге, «СПМК Арслан» ЖШС-і 5 жұмыскерге 5,6 млн.теңге, «СапаЭнергоСтройСервис» ЖШС-і 2 жұмыскерге 1,1 млн.теңге, «Н.С.С.- KZ» ЖШС-і 15 жұмыскерге 2,5 млн.теңге, «Экотракт» ЖШС-і 16 жұмыскерге 0,3 мың теңге, «Мұнайқұрылыс» көп салалы құрылыс фирмасы» ЖШС-і 56 жұмыскерге 6,4 млн.теңге).

     Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету    мониторингі

            Ағымдағы жыл басынан  23 жазатайым оқиғалар тіркеліп  оның ішінде 10 еңбек қызметімен байланысты емес. Еңбек қызметімен байланысты тіркелген 13 жазатайым оқиғада 14 адам зардап шеккен, оның 9-ы ауыр шығынмен, 3-і қаза болған.

    Анықтама ретінде: 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар 18,7%, зардап шеккендер 33,3%, адам өлімі 40% төмендеген (22 жазатайым оқиғалар тіркеліп, оның ішінде 6 еңбек қызметімен байланысты емес, еңбек қызметімен байланысты 16 жазатайым оқиғада 21 адам зардап шегіп оның 13-і ауыр шығынмен 5-і қаза болған).  жұмыс тәсіліне оқытудың жеткіліксіздігі және зардап шегушінің өрескел байқаусыздығы салдарынан орын алған).

             Өндірістік объектілердің еңбек жағдайлары бойынша жыл басынан 3 кәсіпорынның 386 жұмыс орнына аттестаттау жүргізілді.

        Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау

       Ағымдағы жыл басынан  әр түрлі меншіктегі 125 мекемелер мен кәсіпорындарға жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Жалпы тексеру барысында 121 заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша 119, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғақққу заңнамасы бойынша 2 заң бұзушылықтар жіберілген. Тексеру қорытындысымен 78 нұсқама берілді.

       Тексеру қорытындыларымен еңбек заңнамасын бұзғаны үшін 2,5 млн. теңге мөлшерінде 15 айыппұл салынған.

       Жеке және заңды тұлғалардың 452 өтініштері қаралды, оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша- 429, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау сұрақтары бойынша – 9, жұмыспен қамту туралы заңы бойынша – 14. Өндірісте орын алған 23 жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерілген.

       Еңбек қарым-қатынастары мәселелері облыс әкімі жанындағы дағдарысқа қарсы штабта (4 рет) және үш жақты әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарының комиссия (1 рет) отырыстарында тұрақты түрде қаралуда.

       Басқарманың бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес,  мемлекеттік еңбек инспекторларымен мекемелер мен кәсіпорындардың жұмыскерлерімен 24 рет құқықтық оқытулар мен кездесулер, 8 семинарлар өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 14 мәрте мақалалар мен сұхбаттар берілді.

  • Дата публикации: 15/05/2017 - 20:32
    Мазмұны:

    Қызылорда  облысының  еңбек  саласындағы бақылау басқармасымен Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығымен бірлесе отырып, 28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсанында «Еңбекті қорғау бойынша ақпаратты жинау, оңтайландыру және пайдалану: Алдын алу мәдениеті негіздерін нығайту» атты тақырыпта семинар-кеңес өткізілді.

    Семинарға өндірістік кәсіпорындардың жұмыс берушілерімен жұмыскерлердің өкілдері,  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жауапты мамандар қатысты. Өндірістік кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігінің сақталу жайы мен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар жөнінде басқарманың бөлім басшысы У.Хасанов және  кәсіподақ өкілі Е.Жубатканов баяндама жасады.

    Семинар барысында кәсіпорын өкілдерінің сауалдары қаралып, өзара  пікір-алмасулар жүргізілі, сәйкесінше жауаптар алынды.

  • Дата публикации: 28/03/2017 - 12:00
    Мазмұны:

          Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 127-1-бабына сәйкес,  экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер үшін кепілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

        Осыған байланысты,  экологиялық  қасірет аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер үшін кепілдіктер «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы » Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII Заңының  13 бабының 1 тармағының 2),3),4) тармақшаларында  белгіленген.

          Атап айтқанда, экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа осы Заңның 13 бабының  1 тармағының  2) тармақшасына сәйкес, экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін:

            экологиялық апат аймағы бойынша  -  1,5

           экологиялық дағдарыс аймағы бойынша -1,3

           экологиялық дағдарыс жағдайына   жақындаған аймақ бойынша - 1,2

    коэффициентті қолдана отырып, еңбекке ақы, стипендия төленеді.

        3) тармақшасына сәйкес,  жыл сайын ақы төленетін қосымша демалыс (еңбектің зиянды жағдайында жұмыс істегені үшін берілетін демалыстың үстіне):

           экологиялық апат аймағы бойынша  - 12 күнтізбелік күн

           экологиялық дағдарыс аймағы бойынша - 9 күнтізбелік күн

           экологиялық дағдарыс жағдайына  жақындаған  аймақ бойынша  -  7  күнтізбелік күн беру белгіленеді; 

        4) тармақшасына сәйкес, еңбек демалысын берумен бірге жыл сайын сауықтыруға арнап қолданылып жүрген төлемдердің үстіне бір айлық тариф нарқы немесе қызметтік айлықақы көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.

            Бұл арада, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бойынша кепілдіктер еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлерге арналған. Сондықтан да, жұмыскердің еңбек қызметін кандай экологиялық қасірет аймағында  жүзеге асыратындығы маңызды болып табылады.  Экологиялық апат аймағына  Арал және Қазалы аудандары,  экологиялық дағдарыс аймағына Қызылорда облысының  басқа аудандары, Қызылорда және  Байқоныр қалалары кіреді.     

          Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 23-бабының 2 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші  жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті. Осыған байланысты  «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен

    азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 13-бабында көзделген кепілдіктерді  жұмыс берушілер орындауға  міндетті болып табылады.

          Осы тұрғыда «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы » ҚР  Заңының  13 бабының 1 тармағының 2),3),4) тармақшаларында  белгіленген кепілдіктер, оның ішінде айлық жалақыға экологиялық коэффициенттер есептеуі,     жұмыс берушілер тарапынан орындалмаған  жағдайда  Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасына шағыммен жүгінуге құқылы екендігіңізді назарларыңызға жеткізіледі.    

Беттер

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 53 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 64 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика